Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


Қазақ тілін оқыту – оқушының тұлғалық қасиеттерін, қабілеттерін дамытатын үдеріс



бет7/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

Қазақ тілін оқыту – оқушының тұлғалық қасиеттерін, қабілеттерін дамытатын үдеріс. Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – ортамен өзара қарым – қатынасы. Сондықтан оқыту үдерісі мұғалімнің баламен, баланың баламен үнемі тілдік қатынас жасауын, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Мұндай оқыту үдерісінде бала тек мұғалім берген білімді қабылдаушы деңгейінде қалмайды, ол өзінің оқу әрекеті мен ақыл – ойын басқаруы, өзінің танымдық әрекеттерін ұйымдастыра білуі арқылы субъект дәрежесіне көтеріледі. Оқыту оқушының дамуына тікелей әсер ететін үдеріс болғандықтан, онда мынандай мәселелер назарда болады: оқыту үдерісіндегі білім мазмұнында оқушының сана – сезімін жан – жақты дамытатын, өмірге пайдалы, қажет материалдардың қамтылуы; әр пәннің қарастыратын нысанына байланысты білім салалары ішкі бірлікте, жүйелілікпен оқытылуы; берілетін оқу материалдарының мазмұнын анықтауда коммуникативтік бағыттағы ұстанымдардың басшылыққа алынуы. Сондықтан, біріншіден, пән сабақтарында қоғамдық - әлеуметтік, адами қарым – қатынасқа негізделген тақырыптар қамтылса, оқытуыдың спасы артады; екіншіден, материалдар бір – бірімен сабақтастық, жалғастық ыңғайда, яғни алғашқы дәрісте өтілген мәселе кейінгі дәрістерді қайталанып, сабақтастырылып, жалғастырылып, дамытылып, оқытылса, оқушының алған білімі нәтиежелі болады және есте сақтау қабілеті артады; үшіншіден, оқу - әдістемелік кешендер өзара тығыз байланыста болып, оқушының ой - өрісін дамытатындай сипатта құрылса, оқушы интеллектуалдық және адами тұрғыдан үйлесімді дамиды. Олай болса, пәннің мазмұнында болашақ қазақ тілінің мұғалімі үшін тіларқылы тәрбие беру, тіл арқылы оқушының жеке басқабілеттерін көздеген бағытта дамытып отырудың жолдарын қамту – кәсіби құзыреттілікті жетілдірудің маңызды шарты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет