Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


II. 3.1 - тармақ. Қазақ тілін оқыту ұстанымдары



бет15/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

II. 3.1 - тармақ. Қазақ тілін оқыту ұстанымдары.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі мен әдіснамалық ұстанымдар педагогика ғылымының оқу – тәрбие беру жөніндегі барлық теорияларына, оның дидактика бөліміне негізделеді. Өйткені дидактика – барлық ғылымды оқыту жөніндегі саласы. Сондықтан дидактикалық ұстанымдар әр пәнді оқыту әдістемесі жалпы дидактикалық ұстанымдарға сүйенеді.

Дидактика мен әдістеме - өзара тығыз байланысты болғанымен, әр бөлек ғылым салалалары.

Ғалымдардың мұндай пікірге келуі әдістеме мен дидактиканың өзара тығыз байланысты болуынан туындаған: Өйткені дидактиканың негізөге қағидалары әдістеме ілімі арқылы жүзеге асады, ал әдістеме дидактиканың басты ережелері мен заңдылықтарын пайдаланады.

Ана тілін оқытуға байланысты еңбек жазған С.Қазыбаев дидактика туралы айта келіп, эоғарыдағыдай пікір білдіреді. Мысалы: «Дидактика – білім мазмұнының ғылыми негізін, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын, яғни нені оқыту, қалай оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, оқытудың ең тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын табу проблемаларын шешіп отырады» - деп жазады.

Сол сияқты Қ.Исабаев: «Қазақ тілі методикасы білім берудің негізгі құралдарын іздестірсе, ал дидактика білім беру мен оқытудың теориялық мәселерін, оның формалары мен әдістерін зерттейді» - дейді.

Дидактика оқу, білім, тәлім – тәрбие процестеріндегі теориялық мәселелер мен ережелерді, заңдылықтарды қарастырса, әдістеме осы ережелер мен заңдылықтарды тіелей жүзеге асыру үшін қолданылатын нақтылы әдістері мен тәсілдерді, оның тиімді де, сапалы жолдарын қарастырады.

Қазақ тілін оқытудың негізгі қағидаларын айқындау үшін, алдымен бұл сөзінің мәні мен мағынасын анықтап алу қажет.

Қазақ тілін оқыту туралы ұстаным – осы саладғы заңдылықтарға, оқытудың мақсаты мен маңызына, міндеттің орындалу қажеттілігіне сай ережесіне, сол ереженің іске асуының жолдарына, оқытудың басты бағытына, тағы сол сияқты негізгі белгілердің барлығына сүйенетін ең тиімді, сұрпыталған ерекшелік.

Жалпы дидактикалық ұстанымдардың көпшілігі ғалымда маңызды рөл атқара келіп, біреуі қарастырылып, отырған объектіге тікелей байланысты босла, екеншісі қосалқы қызмет атқаруы мүмкін. Сол себепті де бір кітап авторлары оның 6 түрін бөліп көрсетсе, екіншілері 8 түрін, үшіншілері 10 – шақтысын жіктеп шығарады. Біздің пікімізше, қазақ тілінен білім беру мен оқытуға байланысты ұстанымдарын төмендегідей сатылап бөлген жөн.

1. Жалпыдидактикалық ұстаным.

2. Жалпыәдістемелік ұстаным.

3. Салаәдістемелік ұстаным.

Мұндай деп жіктеудің негізгі өлшемі мынада: біріншіден, бұл ұстанымдардың ортақ заңдылығы – олардың барлығында оқыту мәселесіне қатысты ең керекті, маңызды ережелер негіз етіп аынған.

Екіншіден, сатылы ұстанымның түпкі нәтиежесі бір ғана мақсатты көздейді, ол: оқытудың тиімді, сапалы, пайда болуы.

Үшіншіден, бұл ұстанымдар қолданылу саласына байланысты төменнен жоғарыға қарай, яғни бөлшектен бастап бүтінге дейін өсіп отырса; керісінше орындалғанда – бүтіннен бөлшекке қарай өткенде жалпыдан нақтыға, ортақтықтан даралыққа көшіп отырады. Осының өзі дидактикалық заңдылққа сәйкес даму мен өзгеру үдерісін көрсетеді.

Ф.Ш.Оразбаева ұстанымдарды былайша жіктейді.

Жалпыәдістемелік ұстаным – жалпы әдістеме ілімнің бәріне тән, зерттеу объектісі ортақ ғылым салаларының әдістемесіне қатысты ұстанымдар. Бұл қағида жалпыдидактикалық негізге сүйене отырып, одан өзіне сәйкес ұстанымдарыды бөліп шығарады.

Салаәдістемелік ұстаным – қарастырылып отырған объектінің белгілі бір сласына қатысты оқытудың тиімді ережелері.

Салаәдістемелік ұстанымның ерекшелігі: жеке ғылым саласына байланысты нақтылы ережелерге сүйенеді; жалпылықтан гөрі даралық; дербестік басым болады.

Олар – белгілі бір саланың ішкі тармақтарын жете меңгеру барысында қолданылатын арнаулы ұстанымдар.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің де өзіне тән ұстанымдары бар. Ф.Ш.Оразбаева ұстанымының мынандай түрлерін ұсынады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет