Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы



бет12/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә

СӨЖ тапсырмалары:

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің лексикологиямен байланысы жайында реферат дайындаңыз;

«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің фонетикамен байланысы» тақырыбына ғылыми - әдістемелік еңбектер бойынша тезис жазыңыз;

«Қазақ тілін оқыту әдістемесінде» морфологиялық заңдылықтарды пайдаоану жайында проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.




II. 2 – тарам. Психологияның қазақ тілін оқытуда алатын орны.
Оқу – тәрбие ісінде ең қажетті қағида – мұғалімнің өтілетін сабаққа психологиялық жағынан дайындығы. Оқу жоспарын жасағанда да, оны оқушыға жеткізуде де мұғалім баланың жас ерекшелігін, қабілетін үнемі ескеріп отыруы қажет.

Оқушылардың материалды меңгеруінің психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты өткізілуіне байланысты. Сабақтың теоиялық жағынан талапқа сай өтілуі, яғни тақырыптың теориялық жағы ғылыми фактілермен дәлелденуә оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады.

Адам өзі білмеген өмірдің қыры мен сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да, ой елегінен өткізу талғамы да жетіле түседі, ойлаудың практикамен байланысқан сан – сапалы түрлері пайда болады. Мысалы, дыбыс, сөз, буын, сөз тіркесі т.б туралы мағлұмат алған оқушы оның мәнін, мағынасын атқаратын қызметін, құрылысын біледі. Алған білімдерін практика жүзінде іске асырады.

Мұғалім баланы ойлай білуге баулуы қажет. Ол үшін жаттығу жұмыстарын дұрыс таңдап алудың маңызы зор.

Баланың ойы сөйлеу үдерісі негізінде жарыққа шығады. Ол ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу арқылы іске асады. Бұлардың арасындағы айрмашылық әріп пен дыбыс қатынасына ғана емес, сөз құрылысында да тән. Бала сөйлеп тұрған кезде сөздің морфологиялық не синтаксистік құрылысына назар аудармайды, өзінің ойын түсінікті етіп айта береді. Бірақ жазбаша жұмыс кезінде, олардың айырмашылығын жақсы меңгерген оқушы сөйлем ішінде кездескен сөз тіркесін бөлек, біріккен сөзді бірге жазады (ақ сақал – сөз тіркесі, ақсақал – біріккен сөз).

Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек бұл есікке ілімнің бірде – бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды.

Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелеп отыру – мұғалімнің негізге педагогикалық істерінің бірі. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты баланың зейінін билеп алмайынша мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды. Зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете алмайды.

Білім беру үрдісін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, психология – педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Соңғы кездері білім білім бері жүйесінің барлық деңгейлеріне жаңа технологиялар еңгіщіліп, оқыту мазмұны тұлғаны дамытуға, оқушының дербес психологиялық ерекшеліктерін, өзіндік қажеттері мен мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыт алып отыр. Сөйтіп, бүгінгі философтар мен педагог – ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, филояофиялық тұғырнамасының руханилық, гуманистік ұстанымдарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.

Тұлғаны дамыту – дәстүрлі педагогикада жан – жақты дамыған, белгілі бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету болса, тұлғалық субъектілік ұғымда оны дамыту адамның өзіндік танымын, қажеттіліктерін бағыттап отыру, қолдау көрсету, яғни өзіндік рефлексия арқылы таңдау, шешім қабылдау және нәтиежесін өзі бағалау секілді адамның өз бойындағы ішкі мүмкіндіктер арқылы өзіндік дамытуға бағыттау деп түсіндіріледі. Тұлғалық бағдарлы білімберу идеялары туралы зерттеушілер оның негізін түсіндіруден – түсінуге, монологтен – диалогке, әлеуметтік бақылаудан – дамытуға, басқарудан өзі - өзі басқаруға көшу деп, ал педагогтің негізгі міндеті қарым – қатынас жасау деп есептейді. Оның басты идеясы – білім берудегі субхектаралық қатынастарды өалыптастыру арқылы тұлғаның ынталануына түрткі болу, сөйтіп, өзіндік таным мен өз бетімен білім алуға, өзіндік бағалауға жағдай туғызу.

Қорыта айтқанда, білімберу – адам дамуындағы танымның рөлі туралы философиялық, психология – педагогикалық теорияларға негізделеді; оның тәжірибелік бағыты – оқу бағдарламаларын отандық және әлемдік мәдени мұралармен, жетістіктермен байытылып отырады. Білімді демократияландыру және гуманизациялау арқылы оқушылардың қайырымдылық, адамгершілік қасиеттеріне көңіл бөлініп, білімнің ізгілікке қызмет етуі қарастырылады.

Педагогтің білім философиясын жақсы білуі өзара терең кәсіби қарым – қатынасын қалыптастырады. Түрлі педагогикалық мәселерге байланысты пікір алмасулар мен талдаулардың құралы ретінде философиялық түсінктер мен ұғымдар пайдаланылмаса, олардың деңгейі қарабайырлық пен жалаң демогогия төңірегінде қалатыны сөзсіз. Оларды теориялық әрі практикалық түрде жалғастырған Джон Дьюи оқытудағы зерттеу әрекеттеріне қатысты рефлексиялық сыни ойлауды дамытуды ұсына отырып, оның басты ұстанымдары ретінде төмендегілерді көрсеткен:

√ теория мен ұғымдардың мазмұнын беруде көп тәсілділікті меңгерту;

√ сөзбен, суретпен, математикалық амалдармен жеткізе білуге үйрету;

√ берілген білімді қорыта, қысқаша түйіндей алу, мысалы, бір ғана сурет, сызба кесте арқылы көптеген сөздерден тұратын түсінікті бере алу;

√ өз ойын ықшамды әрі тиімді жеткізу үшін сызбалар, кестелер, концептуалдық карталар жасауға үйрету;

√ нақты нәрселер туралы ғана емес, абстрактілі ойлауға да үйрету;

√ кез келген құбылыстың басты, жетекші ұстанымдарын анықтай білуге үйрету.

Әркімнің өмірдегі өз зерттеуі негізіндегі теориясы үшін құнды, өйткені, адам түрлі қиындықтарға кездесе отырып, олармен күреседі, одан шығудың түрліше жолдарын қарастырады. Өмір сүру барысында жинақталған тәжірибе – адамның білім алу ақиқаты болып табылады.

СӨЖ тапсырмалары:

Мұғалімнің өтілетін сабаққа психологиялвқ жағынан дайындығы қалай жүреді, оқу жоспарын мұғалім нені ескеруді қажет пікірталас;

Оқушы – білім алуда негізгі психологиялық үрдістерді басынан кешуші субъект дегендіқалай түсінесіз. Практикалық тұрғыдан қалай жүзеге асырар едіңіз ойтолғау;

Тілдік бірліктерді талдап оқытудың психологиялық негіздерін анықтауда теория – практикалық ойлауды мүмкіг еететін жоғары психикалық үрдістердің табиғаты дегенді қалай түсінесіз, өз түйгеніңізбен талдап, жинақтап, қорытындылаңыз эссе;

Шығармашыл, шебер мұғалімнің қызметі қандай нәтиежеге жеткізеді. Тәжірибелі, жаңашыл, озық мұғалімдердің іс – тәжірибелерін мысалға келтіре отырып, оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасына сипаттама беріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет