Қазақ тілін оқыту екі жақты үдеріс. Жалпы білім беретін ортамектептердегі қазақ тілін оқытуды ұйымдастыуға қажетті база жасалып, ондағы білім мазмұны, оқыту талаптары, күтілетін нәтиежелер нақтыланғанымен, оның тәжірибедегі жетістігі көңіл қуантарлықтай болмай отыр. Оның себебі тілді оқыту жүйесінде мазмұн, талап жаңарғаныен, оқыту үдерісін ұйымдастыру, сабақта жаңа технологияларды қолдану жайы өз шешімін таппай отыр. Ең басты себеп – оқушыны оқу әрекетінің субъектісі деп танитын жаңа парадигма өз деңгейінде жүзеге аса алмай келеді. Шын мәнінде, оқыту – оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әректінен құралатын күрделі үдеріс. Жаңа заман мектебіндегі оқыту үдерісінде мұғалім білім беруші, ал оқушы дайын білімді игеруші бола алмайды. Өйткені юүгінгі мектептің бағыты басқа, бағдары бөлек. Соған орай пәндерді оқытудың мақсаты мен міндеті де өзгереді.
Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы бойынша жүзеге асады да, болашақ азамат өз ұлтының ғасырлар бойы жинаған руханияты мен өркениетін, ділі мен дінін, тегі мен тәрбиесін оқып – біліп, жадына сіңіру отырып, жалпы адамзаттық тәжірибеден хабардар болады. Соның нәтиежесінде мектеп бітіріп, үлкен өмірге араласқан кезде он бір жыл мектеп қабырғасында алған білімі мен білігі, танымы мен тәрбиесі оның жаңылмай жол табуына ықпал етеді. Өйткені ақпараттық мәдениет қана адамның өмір бойы өздігінен білім алуына негіз қалайды. Осы талаптың қазақ тілін оқыту пәні әдістемесінің білім мазмұнында барынша кең қамтылуы қазақ тілі пәні мұғалімнің болашақта оқыту үдерісіндегі танымдық – мәдени ақпараттардың орны мен рөлін жете тануына кепіл болары сөзсіз. Ол үшін қазақ тілін оқыту әдістемесі сабақтарында оқытушы мен студент, студент пен студент арасындағы қарым – қатынас осы парадигма негізінде үнемі дамып, жетілдіріліп отыруы маңызды саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |