Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


Қазақ тілін оқыту – кешенді үдеріс



бет10/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
Қазақ тілін оқыту – кешенді үдеріс. Оқыту тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл – ойы мен шығармашылық қабілетін, біліктілігі мен дағдысын кешенді дамыту негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан әрбір пәнді оқыту педагогикалық үдерістің жан – жақты жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Педагогикалық үдеріс – оқыту мен тәрбиелеу құралдарын пайдалана отырып, білім мазмұнын терең меңгеру үшін ұйымдастырылатын педагог пен тәрбиеленушілердің бірлескен әрекеті. Педагогикалық үдерістің нәтиежелі болуы мұғалім мен оқушының коммуникативтік әрекетінің бағыты мен қол жеткізілетін түпкі нәтижесінің айқын қойылуына байланысты. Коммуникативті өзара әрекеттестігінің нәтиежесі оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін әрбір құрауыштың дұрыс жоспарлануы мен олардың өзара сабақтастығына тәуелді.

Қазіргі заман талабы болашақ маманның тілді үйрету әдістемесін жетік білуін; терең білімді меңгеруіне қоса интеллектуалдық мәдениетіің жоғары болуын; әлемдегі мәдениет үлгілерін; эстетикалық, этикалық деңгейдегі қарым – қатынас жолын меңгеруін; адамзат құндылықтарынан хабардар болуын; адами құндылықтарды өз бойына сіңіре білуін қажет етеді.

Қорыта келгенде, талған мәселерді қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің білім мазмұнында жан – жақты әрі кешенді түрде қамтып, болашақ мұғалім бойында осы міндеттерді шешуге қажетті дағдыларды дамыту өркениеттің жаңа белесіне көтерілген қоғамның білім саласына қойып отырған талаптарын орындауға да толық мүмкіндік берері сөзсіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет