Таңдау операторы.
Жоспары:
Тандау операторы ( CASE )
CASE операторы айнымалының мәнің мүмкін болатын қатарымен салыстырады және әр мәнге сәйкес әр түрлі оператоларды орындайды. ELSE сөзінің болуы міндетті емес, егер ол болмаса, яғни жәй өрнек еш бір мәнге сәйкес болмаса, онда CASE- тің End операторынан кейін тұрған оператор орындалады.
Таңдау операторы арқылы программадағы мүмкін болатын бірнеше оператордың біреуі таңдалады. Real және String типтерінен басқа кез-келген типті қабылдайтын айнымалы немесе өрнек таңдау параметрі болып табылады. Ол сұрыптаушы деп аталады.
Таңдау операторының құрылымы:
Case сұрыптаушы of таңдау тізімі else оператор end; немесе
сase өрнек of
1- тұрақты: 1- оператор;
2- тұрақты: 2- оператор;
…
n- тұрақты: n- оператор
else оператор
end;
сase-жағдай, of-бойынша қызметші сөздері.
Бұл оператор былайша жұмыс істейді: Алдымен өрнектің мәні есептеледі, сонан соң өрнектің мәніне тең тұрақты ізделінеді. Сәйкесінше сол тұрақтыдан кейін жазылған оператор орындалады да, таңдау операторының жұмысы аяқталады. Егер тізімде есептелген мәнге тең тұрақты табылмаса, басқару else сөзінен кейін тұрған операторға беріледі. Деректер массивін, деректер тізімін түрлендіру үшін Delphi- де екі компонент қолданылады: ListBox және ComboBox.
ListBox компоненті
Бұл компонент арқ
ылы деректер тізімі толтырылады және тізімнен элемент (пункт) таңдауға болады. Егер тізім терезеге симаса, автоматты түрде айналдыру жолағы шығады. Тізімге элементті 2 түрде енгізуге болады:
Тікелей енгізу
Ол үшін ListBox компонентін ерекшелеп, Объект инспекторындағы Items қасиетінің оң жағындағы үш нүктелі батырманы шерту керек. Нәтижеде экранға Редактор списка строк терезесі шығады. (1- сурет). Бұл терезеде қажетті тізімді теру керек.
Сурет1. ListBox компонентінің тізім теру терезесі
Программалық жолмен енгізу
Ол үшін компоненттің Add (қосу) әдісі қолданылады.
Жалпы түрі:
ListBox1.Items.Add(‘1- элемент’);
ListBox1.Items.Add(‘2- элемент’);
ListBox1.Items.Add(‘n- элемент’);
Мысалы:
procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);
begin
ListBox1.Items.Add(‘Информатика’);
ListBox1.Items.Add(‘Физика’);
ListBox1.Items.Add(‘Математика’);
end;
ListBox компонентіндегі тізімнен таңдалған элементтің индексі ItemIndex қасиеті арқылы көрсетіледі. Тізімдегі элемент 0-ден бастап бүтін сандармен нөмірленеді. Егер ешқандай элемент таңдалмаса, онда ItemIndex қасиетінің мәні - 1-ге тең болады.
ComboBox компоненті
ComboBox компоненті ListBox компоненті сияқты тізімдік өрісте тізім нұсқаларын шығарады. Мұнда тізім нұсқалары батырманы басқанда төмен қарай ашылатын терезе түрінде болады. Ол формада орын үнемдеуді жүзеге асырады. Тізімге элемент қосу ListBox компонентіндегідей 2 жолмен жүзеге асырылады.
Мысалы: ComboBox1.Items.Add(‘1- элемент’); ComboBox1.Items.Add(‘2- элемент’);
ComboBox1.Items.Add(‘n- элемент’);
ComboBox компонентінде де таңдалған элемент позициясы (орын, индексі) ItemIndex қасиеті арқылы анықталады.
Сурет 2. ListBox және ComboBox компоненттерінің интерфейсі
Мысал1. Паскаль тіліндегі бүтін типтердің аты жазылған тізімнен таңдалған типке сәйкес қабылдайтын мәндер аралығын шығаратын қосымша жасаңдар.
Сурет 3. ListBox компонентін қолдану жобасының интерфейсі
Шешуі:
Достарыңызбен бөлісу: |