Модуль «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» қазақ тілі мұғалімдерін кәсіби мамандандыратын ғылым саласы


– тармақ. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің жаңа парадигмалары



бет3/33
Дата01.06.2020
өлшемі245 Kb.
#71905
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
Ильясова.А практика-Ктоә
Ильясова.А практика-Ктоә
1.2 – тармақ. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәнінің жаңа парадигмалары

Кез келген пәнді жаңа уақыт талабына сай жетілдіру оған негіз етіп алынатын парадигмаларды айқындауды қажет етеді. «Парадигма» сөзінің латын тілінен сөзбе сөз аударғандағы мағынасы «үлгі» дегенді білдіреді. Қазіргі педагогика ғылымында ол білім берудің концептуалдық моделі деген ұғымда қолданылып жүр. И.А.Колесникованың пікірінше, парадигмалардың көптігі педагогиканың өркендеуінің белгісі саналады.

Қазақ тілін оқыту үдерісінде негізге алынатын парадигмалар білім берудің жаңа моделімен тығыз ұштасып жатыр. Мәселен, өзінің өмір қажетін бағамдай алу, өзін - өзі сезініп, ұғына алу, өзі туралы ойлай алу – сана – сезімнің жетілгендігінің нәтиежесі. Философтар адам өзін тек қана айналасындағы адамдарға қарап қана танып, бағалайды деген тұжырым жасайды. Сол себепті білім философиясындағы рефлексиялық парадигма тілді үйретудің өзегін құрайды деуге толық негіз бар. Өзгелермен тілдік қарым – қатынас үстінде ғана білім алушы өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін шыңдай алады. Адамдардың қарым – қатынасы, мәдениеттер сұхбаттастығы - әлеуметтік шыңдықтың көрінісі. Бұл оқушыны әлеуметтендіру үдерісін мәдени қарым – қатынасқа негіздеудің қажеттігін танытады.

Адам өзін қоршаған тылсым дүниені қандай деңгейде тани алса, сол деңгей мен дәреже адам танымының жемісі саналады. Білім алушы адам сонда, біріншіден, практикалық қызмет пен әрекеттің субъектісі болып табылады, екіншіден, адам – таным субъектісі де болып саналады. Бұл қағида тілді оқыту үдерісінде білім алушының оқу әрекетінің субъектісі деп тануды негіздейтін педагогикалық парадигмамен де тығыз сабақтасып жатқанына дәлел болады. Соңғы жылдары отандық та, шетелдік те әдіскерлердің еңбектерінде тіл пәнін оқытуға қатысты айтылып жүрген ой – тұжырымдарын саралап қарағанда, мынандай әдіснамалық ұстанымдардың ерекшеленіп көрінетіні байұалады.



    1. білім беруді қоғамның сұранымына сәйкестендіру;

    2. білімді оқушының өміріне ең қажетті біліктіліктерін жетілдірудің базасы ретінде жүйелеу;

    3. білімді оқушыны дүниетанымының, болмыс мәдениетінің коммуникативтік іскерліктерінің дамуының тетігі ретінде қолдану, оның ішкі мотивациясының негізі ретінде ұсыну.

Әлбетте, дара тұлғаның қабілеттерін дамтыуды көздейтін бүгінгі заманның мектебі үшін оқушының бойында «қозғалыссыз» білім қорын емес, керісінше, оның келешек өміріне қажетті дағдыларды сіңіру, оқушыны болашақ үлкен өмірге дайындау маңызды болып саналады. Сондықтан да тілді оқыту дәстүрлі дүйедегі білімге .стемдік беретін парадигмадан оқушының өмірлік дағдыларын жетілдіру парадигмасына негізделген оқыту үдерісімен толық сай келеді. Зерттеушілердің «Манистральная направленность обучения языку с первого класса до выпускного – не грамматическая, а речевая» деген ғылыми тұжырымы осы жаңашылдықтың негізі.

Қазақ тілін оқытудағы басты міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып саналады. Ұлттық ділді түсінуге жол ашатын идеялар:



  • адам – ең жоғары құндылық;

  • әр адам – қлғам дамуының мүмкіндіктерін жүзеге асырушы тұлға;

  • рух бостандығы – адам дамуның көзі.

Бүгінгі оқушы өмір сүретін азаматтық қоғам қалыптастыруда Қазақстандық идеологияның өзңндңк орны бар. Оның орталық, негізгі құрамдас бөліктеріне діл, тіл, дін кіреді. Олардың бірлігі өзге де құрамдас бөліктерді өз маңына топтастыра алады. «Еркіндік түбі – бірлікте!» деген идея – Қазақстандық идеологияның қағидаты. Ал бірлікке қашанда адамдардың тіл табыса алуының бір мақсаты жұмылдырылып, ортақ шешімдер жасауының нәтиежесі. Бұл да тілді жаңаша оқытудың мәнін тереңдетіп, өзектілігін арттырады да, тілді оқытуды тағы бір аса маңызды парадигма – ана тілін құндылық ретінде меңгерту парадигмасына негіздеу қажеттігін көрсетеді.

Білім – ұлттың ақыл – ойы мен ерік – жігерін қалыптастырушы тірек. Ендеше, ол мемлекеттік саясаттың әр адамның сол мемлекет мүддесін дұрыс түсінуінің, оны сақтауға, орындауға деген шын сенімінің де негізі болуы заңды. Білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру – ұлттық дәстүрлерді сыртқы кері күштерден қорғаныс ретінде біліммен сабақтастыра байланыстыру деген сөз.

Тілді оқыту әдістемесінде педагогикалық тұрғыда мынандай арнайы міндеттерді шешу қажеттігі анықталады:


  1. Мәдени имуниттетті дамыту үшін тілді адам табиғатының бөлінбес саласы ретінде ұғындыру.

  2. Толық мәніндегі тілдік білімнің мақсаты жалаң ережелерді жекелеген тілдік дағдыларды меңгерту емес, тілді интенсивті оқыту арқылы баланың ана тілінде сөйлеуге деген мүделлілігін ояту. Өйткені «жас ұрпақ бойындағы рухтың өшуі – грамматикалық ережелер мен әдебиеттану анатомиясын» құрғақ оқытудың зардабы.

  3. Тілдік білім жүйесін ана тілінің әр адам өмірінің табиғи нормасы екеніне негіздеу.

Осыған байланысты шұғыл түрде жүзеге асырылуы тиіс аса маңызды мәселелр – оқу жүйесінде баланың өмірлік мүддесіне сай, соны қанағаттандыратындай мотивациялық технологияларды қалыптастырудың жаңа жүйесін анықтау. Бұл әлемдік озық тәжірбиеде дәлелдегендей, «пәндік – білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыру арқылы шешіледі ». Олай болса, тілдің ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде оқу тәрбие үдерісінің түп қазығы болатындығына «оқушының дара тұлға ретінде дамытылуының, яғни білім жүйесіндегі демократиялықтың, ізгілендірудің, гуманитарлануының жүзеге асуының бірден – бір тетігі ретінде меңгерілуіне» ерекше мән беру қажеттіні күннен – күнге артып келеді.

Қазақ тілін оқытуда негізге алынатын басты парадинманың бірі – тіл білім саласында сөз мәдениетінің түп қазығы тілдік тұлға болуы тиіс деген жаңаша парадигма да оқушыны дамыту оның қатысымдық білігін дамыту деген ұғыммен тең келеді. Оқыту жүйесін жетілдіруге тірек болған бұл парадигмалардың кең өріс алып, тәжірибеге енуі болашақ қазақ тілінен оқыту сабақ беретін пән мұғалімін даярлайтын оқу орнындағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің мақсат – міндеттерінен бастап бүкіл әдістемелік жүйенің жетілдірілуіне тікелей тәуелді. Онда мұғалімдік жай ғана мамандық емес,

ол - өнер тектес құбылыс, айырықша феномен екендігі назарға алынып, болашақ мұғалімнің интеллектуалдық болмысын кәсіби шеберлікпен ұштастыра қалыптастыруда ескеріледі. Бұл парадигмалар, «қазақ тілін оқу әдістемесі» пәнінің нысанын айқындщап, мақсаты мен мәндеттерін белгілеп, мазмұнын құруда тірек етіп алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет