Модуль Электроника элементтері. Модуль Басқару және қорғау аппараттары. Модуль Электрлiк жетек Практикалық сабақ 5 Тақырып 1



бет6/7
Дата14.07.2020
өлшемі65,99 Kb.
#75220
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
электротехника 5 апта

3. Жетек – машиналар мен механизмдерді жүргізу үшін қозғалтқыштан, беріліс механизмдерден және басқару жүйесінен тұратын құрылығы.

  1. көлік жеккенде арбашананы доғамен жалғастыратын құрал. Жетек ағаштан не арқаннан жасалады.[1]

  2. жалпы алғанда қозғалтқыштан, беріліс механизмдері мен басқару жұйесінен тұратын машиналар мен механизмдерді қозғалысқа келтіретін құрылым.

Жетек түрлері

  • Гидравликалық жетек - тежегіш механизмдеріне құбыр арқылы сұйықтық берілу нәтижесінде күш түсетін тежегіш жетек.

  • Гидропневматикалық жетек - көлік құралдарының тежегіш механизмдеріне сұйықтық арқылы күш берілетін және энергияның пневматикалық көзі бар аралас тежегіш жетек.

  • Шынжыртабан жетегі - көлік құралдарының шынжыр табанына қозғалтқыштан жетекші жұлдызшалар арқылы айналу иінді күшін беретін жетек.

  • Тежегіштің екіконтурлы жетегі - әр қайсысы көліктік құралдың тежегіштік механизмімен байланысқан тежегіштік краннан немесе бас цилиндрдан кейін екі тәуелсіз жұмыс істейтін тежегіштік контуры бар тежегіш жетек.

  • Тежегіштің екіөткізгішті жетегі- тіркеменің тежегіштік жетегінің байланысы екі құбыр арқылы іске асатын автопоездің гежегіштік жетегі - бірінші құбырда: тартқыштың рессиверін тіркеме рессиверімен жалғайды, екіншіде тежегіштік кранды тіркеменің ауа таратқышымен жалғайды.

  • Доңғалақтар жетегі - крандық білік және басқа механизмдер арқылы айналдырушы иінді күшті келіктік құралдың беріліс қорабынан жетекші доңғалағына апаратын тасымалаийтынкүштік беріметің белігі.

  • Тежегіштің құрама жетегі - автопоездің бірөткізгішті және екіоткізгішті тежегіштік жетектерінің қосылысы.

  • Тежегіштің механикалық жетегі - көліктік құралдың тежегіш механизміне күш білікшелер, иіндер мен сым арқандар жүйесі арқылы берілетін тежегіш жетек.

  • Бір контурлы тежегіш жетегі - көліктік құралдың тежегіш жүйесінің барлық тежегштік механизмімен байланысқан тежегіштік краннан кейін немесе бас цилиндрдан кейін жалғыз контуры бар тежегіш жетек.

  • Бірөткізгішті тежегіш жетегі - тіркеменің тежегіштік жетегімен байланысы бір құбыр арқылы тежегіштік кранның жеке секциясынан немесе тартқыш-автомобильдің бас цилиндрі арқылы ісқае асатын автопоездің тежегіштік жетегі.

  • Белдіктің параллелді жетегі - транспорттық құралдың әр жетекші белдігіне айналдырушы иінді кіш жеке кардандық білік арқылы берілетін беріліс

  • Басқышты жетек - велосипед немесе мопедтің жетекші доңғалағына басқыш немесе шынжырлы беріліс арқылы адам аяғы арқылы айналуды жеткізетін жетек.

  • Пневматикалық жетек - механизмдер мен машиналар қозғалысын ауа сығылуы көмегімен жүргізетін жетек.

  • Тежегіштің пневматикалық жетегі - тежегіштік механизмдерге күшті құбырлар арқылы ауа сығылуымен беретін тежегіш жетегі.

  • Рөлдік жетек - рөлдік механизмнен көліктік құралдың басқарушы доңғалақтарына үстеме жеткізетін және олардың арасында кинематикалық келісімді камтамасыз ететін рөлдік басқарудың бөлігі.

  • Стартер жетегі - іштен жану қозғалтқышының маховигінің тісті тәжімен стартер білігінің тісті дөңгелегін қосатын және ажырататын қондырғы.

  • Тіркес жетегі - көліктік құралдың тіркестерін қосып және ажырататын құрылым.

  • Жылу алмасу жетегі - газдық құбырдың жылу алмасуының баяу айналуын жүзеге асыратын жетек.

  • Тежегіш жетегі - басқарушы сигналды және жетекті күшті көліктік құралдың тежегіштік механизміне үстеме жетек жеткізуге қызмет ететін тежегіштік жүйенің бөлігі.

  • Электрлі жетек - механизмдер мен машиналар қозғалысын электр қуатымен жүргізетін жетек.

  • Электрлі тежегіштің жетегі - тежегіштік механизмдерге электр куаты берілетін тежегіштік жетек.

  • Тежегіштің электропневматикалық жетегі - электр қуаты бұйрықтық сигналдарды беруге, ал сығылған ауа тежегіштік механизмде жетектік үстеме жасауға пайдаланатын тежегіштік жетек.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет