Модуль Электроника элементтері. Модуль Басқару және қорғау аппараттары. Модуль Электрлiк жетек Практикалық сабақ 5 Тақырып 1



бет2/7
Дата14.07.2020
өлшемі65,99 Kb.
#75220
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
электротехника 5 апта

1. Электроника элементтері


Кез келген радиоэлектрондық аспаптар (РЭА) элементтердің үш түрінен тұрады.  Радиоэлектроникада  резисторлар, конденсаторлар, индукция ораушылары, тансформаторлар және жартылай өткізгіш аспаптары ең сансыз көп таралған элементтер болып келеді. Олар едәуір қиын болып келсе де,  дербес функционалдық мағыналары бар бөліктерге бөлінуге рұқсат бермейді. Екінші топқа механикалық элементтер кіреді (скобалар, планкалар, біліктер, осьтар және т.б) олар механикалық қосуларға және қимыл берілісіне арналған. Үшінші топқа (ажыратқыштар, айырып қосқыштар, байланысқыштар, релелер) кіреді, олардың функциялары механикалық операцияларды атқару және олар электр операцияларымен  тығыз байланысты. Типтік радиоэлементтердің негізгі электр параметрлеріне: параметрдің номиналдық мәні (мысалы,  резисторға электр кедергісі,  конденсаторға  сыйымдылығы); негізгі параметрдің өзіндік шектігі; электр төзімділігі және электр жүктемесін көп уақытқа төзімдігі; шығын, тұрақтылық және сенімділікті сипаттайтын мөлшерлер жатады. Параметрлердің номиналдық мәндері сандардың геометриялық прогрессиясының ондық қатарларымен берілген, бірінші мүшесі бір санына тең, ал бөлгіші: М =,  ондық интервалда номиналдық мәндерінің санын көрсетеді: n – қатардың нөмірі. Мысалы Е6, Е12, Е24 прогрессияның бөлгіші Μ = = 1,47; Μ =  =1,21; М =  ~1,1; Μ = = 1,47; Μ = = 1,21; М =  ~1,1 тең. Е6 қатары (1- ден 10- ға дейінгі) интервалда 6 номиналдық мәннен тұрады. Е12 қатар – 12 мәннен, Е24 – 24 мәннен тұрады. Шектік - ақиқат мәннің номиналдық мәнінен ауытқуы, радиоэлементтің дәлдік класын көрсетеді. Типтік элементтердің номиналдық электр параметрлері олардың шектіктеріне лайық болу керек, сонда кез келген элемент міндетті түрде  номиналдық мөлшерлердің бір тобына кіреді, бұл қасиет көптен шығаруға және өндірісте экономикалық пайдалы болып табылады

Электр төзімділік – радиоэлементтің номиналдық кернеуімен сипаталады. Басқаша айтқанда элементтің гарантиялық уақытта жұмыс істейтін кезінде берілетін максималдық кернеу.

Сынау кернеуі - радиоэлементтің аз уақытта (бірнеше секунд аралығында) жұмыс істейтін кезінде берілетін максималдық кернеу.

Тесіп өту кернеуі – минималдық кернеу берілгенде, радиоэлементтің  оқшаулауын тесіп өтетін кернеу.

Электр жүктемесінің ұзақты ұстамы, элементтің номиналдық қуатымен байланысты, ол   максималдық қуат рауалы. Элемент ұзақ уақытта жұмысын атқарғанда, немесе оны сақтағанда, элемент жасалған материалдың структурасында аздаған өзгерістер басталады. Осы кері айналмайтын  өзгерістер элементті  пайдалануға жарамсыз қылады, сол себептен ұзақтық, басқа сөзбен айтқанда элементтің қызмет мерзімніңі негізгі параметрлердің бірі болып табылады.



Қызмет мерзімі – элеметтің қалыпты жағдайда жұмыс істейтін уақыт аралығы, бірақ осы уақыт біткеннен кейін, элемент эксплуатацияға жатпайды.

Тұрақтылық – сыртқы факторлар әсер еткенде элементтің негізгі параметрлерінің тұрақтылығының дәрежесі, мысалы, температура, ылғалдылық, атмосфералық қысымы, түрлі механикалық жүктемелер. Негізгі сыртқы әсер ол температура.

Сенімділік – берілген уақытта, белгілі  эксплуатация жағдайларында, берілген рауалдарда элементтің  функцияларының атқару қасиеті. Элементтердің сенімділіктері РЭА сенімділігін маңызды дәрежесінде көрсетеді, сондықтан да РЭАның сапасын дәлелдейтін аса маңызды сипаттама болып келеді.

Жалпы, элементтік база дегеніміз ол РЭА да қолданылатын элементтердің жинағы. Олар анықты түрде радиоэлектрондық аспаптың қасиетіне, сипаттамасына және мүмкіншіліктеріне әсер тигізеді. Қазіргі заманда радиоэлектрондық аспаптарға көп талаптар қойылғанда, РЭА - ның сенімділігіне, массасына және габариттеріне де биік талаптар қойылған. Дискреттік радиоэлементтерді қолданғанда әрқайсысы конструктивтік – технологиялық жағынан аяқталған бұйым болып келеді және де жеке орналастырылып, қосылады. Элементтің “ораушысының” тығыздығы  төмен,  габариті мен массасы өте үлкен, ең бастысы радиоэлементтің сенімділігі өте төмен.

Интегралдық микросхемалар (ИМС) қолдананылу РЭА - ның габарит және массасын азайтуға жағдай туғыздырады, сенімділік қасиетін көбейтеді, сондықтан қазір радиоэлектрондық жабдықтарда интегралдық микросхемалар кең қолданылады. Бірақ, бұл артықшылыққа қарамай дискреттік радиоэлектрондық элементтерде  солармен қатар қолданылады, себебі сыйымдылығы үлкен конденсаторлар, индуктивтік ораушылар және трансформаторлар интегралдық түрде орындалмайды. Біраз жағдайларда  дискреттік схемалар арзан және оңай жасалынады. Сонымен дискреттік радиоэлементтердің рөлдері маңызды болып қала береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет