Модуль фармацевт токсиколог экзаменационные вопросы fk емтихан тест тапсырмалары пән: бейорганикалық химия Оқу курсы: 1 курс фармация факультеті


Гемолиз-жасушаны гипотонды ерітіндіге батырғанда судың ерітіндіден жасуша ішіне қарай еніп,жасушаның ісіну құбылысы.Бұл кезде жасуша жарылады



бет99/129
Дата06.04.2023
өлшемі0,65 Mb.
#173930
түріЭкзаменационные вопросы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   129
Байланысты:
ХИМИЯ ПОЛНЫЙ Біріктірілген

Гемолиз-жасушаны гипотонды ерітіндіге батырғанда судың ерітіндіден жасуша ішіне қарай еніп,жасушаның ісіну құбылысы.Бұл кезде жасуша жарылады.
Тугор-Жасушаның пішінін,серпімділігін,тұрақтылығын сақатуға көмектесетін қысым.

21. Гидротикалық процестер. Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш (pH).
Су әлсіз электролит, электр тоғын нашар өткізеді, тек аздап қана диссоциацияға түседі: 2Н2О ↔ H3О+ + OH-не Н2О ↔ H+ + OH- деп жазады. Судың электр өткізгіштігін өлшеу арқылы сутек- және гидроксид- иондарының концентрациясы 10-7моль/л екендігі анықталған. Тепе-теңдікке келген жүйе үшін әрекеттесуші массалар заңын пайдаланып, диссоциация константасын жазуға болады: К = [H+]× [OH-]/[H2O] = 1,8×10-16 екендігі 22°С температурада анықталған. Судың диссоциациялануы өте нашар болғандықтан,
[H+]× [OH-] = [H2O]×1,8×10-16 деп жазуға болады, себебі су концентрациясы өзгермейді деп қараса, осыдан [H+]×[OH-]= Ксу – судың иондық көбейтіндісі.Температура өзгермесе бұл шама Ксу =[H+]×[OH-] = 10-7 × 10-7, яғни 10-14 болады не 1литр суда 1000:18 = 55,56моль болғандықтан:
[H+]×[OH-] = [H2O]×К = 55,56×1,8×10-16 = 10-14
Су – бейтарап зат. Сондықтан сутек және гидроксид иондарының концентрациялары бірдей, әрқайсысы 10-7г-ион/л тең. Қышқыл ерітінділерде сутек иондары көбірек, сілтілік ерітінділерде гидроксид иондары көбірек; бірақ ерітіндіде қышқыл не сілті болсын бәрібір H+ және OH- иондары концентрацияларының көбейтіндісі әрдайым тұрақты болады.
Сутектік, гидроксидтік көрсеткіш.Ерітіндінің қышқылдығын не сілтілігін жоғарыда қолданғандай теріс мәнді көрсеткіші бар сандармен жазғанда, жұмыс кезінде ыңғайсыз, қиындық туғызады, сондықтан оларды сутек иондарының, не гидроксид иондарының теріс таңбамен алынған ондық логарифмдерімен көрсетеді. Ол сутектік не гидроксидтік көрсеткіш деп аталып, рН, рОН арқылы белгіленеді:
рН = − lg [H+]; рОН = − lg [ОH-].

22. С. Аррениустың электролиттік диссоциация теориясы. Электролиттік диссоциация теориясы бойынша қышқылдар, негіздер және тұздар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   129




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет