Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны



бет21/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

5- тапсырма. Сұхбатты оқыңыздар:

  • Сәлем, денсаулығыңқалай?

  • Нашар.

  • Қай жерің ауырады?

  • Жүрегім ауырып тұр.

  • Дәрігерге неге бармайсыз?

  • Уақытым жоқ.

  • Оның дұрыс емес. Денсаулықты сактау керек.

  • Жүр бірге дәрігерге барамыз.

  • Жақсы барайық.

  • Қай жерім ауыратынын анықтадыңыз ба, дәргер?

  • Мен сізді тыңдап көрейін. Деміңізді ішке алып, сыртқа шығарыңыз.

  • Қазір сізге рецепт жазыпберемін.

  • Дәріні қалай ішукерек?

  • Дәріні дәріханадан алып, күніне үш рет тамақтан кейінішесіз.

  • Жақсы.

  • Дұрыс, ауырмаңыз. Денсаулық - зорбайлык....

2- сабақ
Тақырыбы: Спорттың денсаулыққа пайдасы, дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығы
ОҚЫЛЫМ
1-тапсырма.Мәтінді түсініп оқыңыз, негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді белгілеңіз.
Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, өзін cау сезінуі, сергек жүруі, өмірге құштарлығы, ұзақ өмір сүруі. «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау», «Бірінші байлық - денсаулық» дейді халық. Бұл ұғымдар босқа айтылмаған, яғни өзіңді күтіп, спортпен шұғылданып жүрсең, ешқашан ауырмайсың. Адам денсаулықтың қадірін ауырғанда ғана біледі. «Ауырған мың күніңнен сау жүрген бір күнің артық» деп бекергеайтылмаған.
Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену - әрбір адамның басты міндеті. Ерте тұрып, таңертеңгі спорт жаттығуларын жаса, суық сумен жуын, уақытылы тамақтанған дұрыс. Аурудың алдын алу үшін жылына екі рет дәрігердің қарауында болып тұру артық етпейді.
Жемістерді жумай жей саламыз. Қайнамаған су ішеміз. Даладан келген бетте қолымызды жумаймыз. Осының барлығы біздің денсаулығы мыздың нашарлауына әкеліп соғады. Сондықтан да салауатты өмір салтын сақтағыңыз келсе, денсаулығыңызды жас күніңізден сақтап, оны үнемі нығайтып күте білуіңіз керек.

ЖАЗЫЛЫМ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет