Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны


-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз



бет47/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.


2-сабақ
Тақырып: Киім үлгілері пішіндерінің алмасуы, стиль ерекшеліктері.

ОҚЫЛЫМ
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, өз сөзіңізбен жалғастырыңыз.


Сән (франц.сөзі Moda, лат. Modus – өлшем, әрекет тәсілі) киім кию.Сән мәдениеті әртүрлі сферада жеке талғамның уақытша үстемдік етуі.
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісін денесіне жапқан жабулардан алады.
Костюм (Франц. Costume – киім-кешек) белгілі бір ұлттың, дәуірдің әртүрлі қоғамдық топтардың тұрақты киім үлгісі.Киім үлгілерінің пішіндерінің алмасуы қоғаммен бірге өзгеретін әр дәуірдің эстетикалық идеалын, көркемдік бейнесін көрсетеді.

СӨЙЛЕСІМ
2- тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтар дайындаңыздар:


Стильдің түрлерін зерттеу. Стил (лат. Stilus) мәнер, сипат, ерекшелік.Стиль сол дәуірдің мәдениетін, сұлулық туралы түсінігін, қоршаған ортаға қарым-қатынасын көрсететін тұрақты, анық ерекшеленген дәуір тілі.
Классикалық стиль – қатал, іскерлік, элегантты, салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін киім түрлері.
Оның негізгі белгілері – форманың тұрақтылығы, адамды іскер, ұстамды етіп көрсетуі, мінсіздігі, беріктігі.Классикалық стильге костюм шалбар, ағылшын пальтосы, белдемше, жакет, жейде жатады.
Фольклорлық стиль – ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер.Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмысының элементтерін кеңінен пайдаланылады.
Романтикалық стильәдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті бөліп көрсетеді. Романтикалық стильдің ерекшелігі – қатпарлар, шілтерлер, желбіршектер жиынтығынан тұрады.
Спорттық стильдемалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер.Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді.
3- тапсырма. Ортақ жұптық жұмыс:

  1. Сәнге деген көзқарасыңыз қандай? _ _ _ _ _ _ _ _ _

  2. Қазіргі қандай сәнгерлерді білесің?_ _ _ _ _ _ _ _ _

  3. Сән дегеніміз не?

  4. Костюм дегеніміз не?

  5. Стиль, сән сөзіне анықтама беріңіздер.

АЙТЫЛЫМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет