3-тапсырма. Өз ойларыңызбен бөлісіңіздер:
1. «Егер мен білім министрі болсам...»
ЖАЗЫЛЫМ
4-тапсырма. Мәтінді аяқтаңыз.
2019 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ РЕЙТИНГІ
Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде білім беру қызметінің сапасын анықтайтын рейтингтер өткізіліп жүр. Рейтингтер елдегі жоғары білім беру сапасын жақсартуға көмектеседі. Бұл рейтинг қандай жоғары оқу орындарының әлемдік білім кеңістігінде бәсекеге қабілетті екендігін, ал қандай жоғары оқу орындарына білім үрдісін ұйымдастырудағы жағдайды толтыру қажеттігін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ұлттық аккредиттеу орталығы 2006 жылдан бастап, еліміздің жоғары оқу орындарын саралау рәсімін өткізіп жүр. Оқу орындарын саралау жүйесі талапкерлерге, олардың ата-аналарына, жалпы қоғамға жоғары оқу орындарының (жоо) қызметі, олардың ерекшеліктері, көрсететін қызметінің сапасы, инновациялық әдістемелер мен технологияларды енгізуі, материалдық-техникалық және ақпараттық базасының жағдайы, халықаралық бағдарламаларды дамытуы, түлектерінің еңбек нарығындағы қажеттілігі, даму мүмкіндіктері жайында ақпаратттар береді. Сонымен қатар, қазақстандық дипломдардың танымалдығын, олардың әлемдік еңбек нарығындағы қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.
№2 СӨЖ тапсырмасы:
1. Қазақ халқының ұлы ағартушы ғалымдары туралы реферат жазыңыз.
3-сабақ
Қазіргі білім беруді дамыту, білімді ұрпақ тәрбиелеу туралы мәлімет
ТЫҢДАЛЫМ
1- тапсырма. Төменде берілген сөздермен (сөз тіркестерімен) сөйлем құрастырыңыз.
ғылым – наука
бағыттау – направить
басты нышан – главный признак
халықтың болашағы – будущее народа
басты талап – главное требование
білім беру реформасы – реформа образования
мәдениет – культура
алтын қор – золотой фонд
білімді болу – быть образованным
қабілет – способность
ғұламалар – ученые
зейін – внимание
ақыл-ой – ум
жауапкершілік - ответственность
ОҚЫЛЫМ
Достарыңызбен бөлісу: |