Модуль. Жеке тұЛҒА 1- сабақ Лексикалық тақырып: Жеке тұлғаның қоғамдағы орны


– тапсырма. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударрыіыздар



бет51/131
Дата26.12.2022
өлшемі499,93 Kb.
#164429
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131
Байланысты:
Қазақ тілі В1 деңгейі

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударрыіыздар:
Төле би Әлібекұлы
Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысындағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауыңда дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Төле бидің әкесі Әлібек те билік айтып, әділдігімен аты шыққан адам болыпты. Төле жас кезінен хат танып, сауатын ашқан. Ол арабша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз әңгімелерді көп оқыған.
Бала күннен жас Төле әкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды, қазақ халқының ақындық-шешендік өнерінен тәлім алады. Он бес жасынан ел билігіне араласып, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түседі.
Қазақтардың басын біріктіріп, оларды жоңғар бұғауынан құтқаруда Төле би маңызды рөл атқарды. Төле би, Орта жүздің төбе биі Қазыбек Келдібекұлы және Кіші жүздің бас биі Әйтеке Байбекұлы үшеуі Әз Тәукенің бас кеңесшісі болған. Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді.
Сөздік:

қайраткер – деятель
 атағы жер жарған - он прославлен
әулет – династия 
қарапайым шаруа – простой человек
сауатты- граммотный 
тәлім алу – учить пример
билік – власть
біріктіру – объединять
бұғау – кандалы, цепи 
байланыс – связь.




  1. тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.

Қазыбек би Келдібекұлы
 Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Қазыбек би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Ол 1764 жылы Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде жерленген.
Ол Тәуке ханның «Жеті жарғы» заң жобасын жасаушылардың бірі. Өз заманында білімді, озық ойлы, әділ, батыл да батыр адам болған. Қазыбектің аталары да би болған. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Төбе биі еткен. Ол - жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті ұйымдастырушылардың бірі. Ол - парасатты елші, дипломат атанған.
XVIII ғасырдың 60-жылдары Цинь империясы Қазыбек биді өз жағына шығару мақсатымен көптеген бағалы сыйлықтар жіберген. Бірақ Қазыбек би Қытай жағына қарсы болған.
Қазыбек бидің беделі мен ықпалына қазақ хандары ғана емес, ұлы империялардың әкімшіліктері де сүйенген.
Сөздік
көрнекті – видный
қайраткер – деятель


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет