тәуелсіздік – независимость
үлес қосу – внести вклад
білім –
знание
ақпараттық қолдау – информационная поддержка
мақсат – цель
сан алуан – разнообразные
жоба – проект
жүзеге асыру –
осуществить
рухани жаңғыру – духовная модернизация
жаңа есім – новые имена
қабылданды – был принят
басты –
главный
мүмкіндік – возможность
үміткер – кандидат .
ОҚЫЛЫМ
2- тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз
Елбасының қолдауымен еліміздің рухани-мәдени әл-ауқатын дамыту мақсатында «Жүз жаңа есім» жобасы қолға алынғаны белгілі. Бұл – жастардың қоғамдағы ролін арттырып, ұлттық руханиятымызға серпін беретін бірегей жоба. Байқаудың бірінші кезеңінде спорт, қоғам, бизнес, ғылым,
медицина, мәдениет, өнер сынды салаларда көзге түскен үміткерлер өз қабілеттерін ортаға салды. Белгіленген шартқа сәйкес, олардың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнероликтер түсіріліп, теле-радио бағдарламаларда насихатталды. Ел арасында олардың ісі қызу талқыланып, еңбектері еленгенін көрдік.
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының мақсаты – табысты,
бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихын үлгі ете отырып насихаттау.
Жобаның барлық шарттары 100esim.el.kz сайтында жарияланған. Мұндай шаралар жастардың өзін көрсетуіне таптырмас мүмкіндік. Біріншіден, аталған тұлғалар өзін танытса, екіншіден, сол арқылы кейінгі буын өкілдеріне үлгі болады. Ең бастысы –
егемен елдің ертеңін, жарқын болашағын ойлайса дейміз.
Жобаны ұйымдастырушылар көптен бері кенжелеп қалған ғылым саласына басымдық беріпті. Қазіргі таңда Қазақстанда ғылым саласы 5 бағыт бойынша дамып келеді. Ол энергетика, шикізат пен өнімді тереңнен өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациалық технологиялар, өмір туралы ғылым мен ұлттық ақыл-ой әлеуеті. «Білім-ғылым-инновация» үштігі – ҚР саясатының негізгі діңгегі. Ғылым мен білім беру ісін және инновациялық технологияларды біріктіру үшін ел Президентінің ұсынысымен ашық зертханалар (ұжымдық қолданудағы ұлттық ғылыми зертханалар) ашылды. Олардың барлығы заманауи
қондырғылармен жабдықталған, ол жерде кез-келген республика азаматы өз зерттеулерін жүргізуге мүмкіншілігі бар. Білім мен ғылымды ұштастырған тағы бір үлкен мысал – Назарбаев Университеті. Бұл білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы барлық 3 аспектті басын қосқан елбасымыздың қолдауымен ашылған оқу орны. Әлемдік стандартқа сай 3 деңгейлік ғылыми орталық жұмыс істейді. Міне, осы бағытта Қазақстан әлемде көш бастауы керек.
АЙТЫЛЫМ
Достарыңызбен бөлісу: