Модуль Күштік түрлендіргіш құрылғылар Дәріс 10


Синусоидалық генератор тәсімдері



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата25.06.2020
өлшемі377,09 Kb.
#74539
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
10дәріс

Синусоидалық генератор тәсімдері 

Ортақ  эмиттері  транзисторлық  каскад  кіріс  –  шығыс  сигналдар 

фазасын ӛзара 180º-қа ӛзгертеді. Егер осындай екі ОЭ тәсімін пайдаланатын 

болсақ,  онда  арнайы  кері  байланыс  тізбегін  ұйымдастырмай–ақ  ӛшпес 

толқындар алуға болады. Ӛйткені, олардың әрқайсысы π шамасындай (180º) 

фазалық ығысу беріп, оның жалпы ӛзгерісі 360º-қа жетпекші. Қарапайым бір 

ғана  транзистор  негізінде  жасалынатын  генератор  тәсімдерінде  кері 

байланыс тізбегі арнайы ұйымдастырылып, бұл тізбекке сигнал фазасын + π 

немесе  -  π–ге  ӛзгерту  тапсырылады.  Гармоникалық  сигнал  ӛндіру  үшін 

жоғарыда  атап  ӛткен  амплитуда  және  фаза  теңбе-теңдіктері  тек  қана 

алынбақ болып отырған гармоникаға, яғни керекті жиілікте ғана орындалуы 

тиіс.  Сондықтан,  кері  байланыс  тізбегінің  жиілік  іріктеулік  қасиеті  болу 

керек.  Бұл  қасиет  LC  немесе  RC  тізбектерінің  кӛмегімен  орындалады.  LC 

тізбегіндегі  индуктивтіктің  (мысалы,  трансформатор)  тӛменгі  жиіліктерде 

аумағының үлкен болуына байланысты, оларды пайдалану тиімсіздікке әкеп 

соғады.  Сондықтан,  тӛменгі  жиіліктерде  әрдайым  RC  тізбектері  негізінде 

жасалынған RC - генераторлар қолданылады. 




Мысал  ретінде  10.2  суретте  бір  каскадты  RC  -  генератор  тәсімі 

келтірілген.  Ӛзімізге  белгілі,  конденсатор  кернеуі  ондағы  токтан  90º-қа 

кешеуілдеп жүреді. Онда керекті 180º-қа тең  фаза ӛзгерсін кем дегенде екі 

конденсатордың  кӛмегімен  аламыз.  Алайда,  таза  конденсаторларды 

пайдалану  жеткіліксіз  болып  шығады.  Ӛйткені,  тоқты  сигнал  күйінде 

алуымыз  үшін  оны  алдын  ала  кернеуге  түрлендіру  керек  те,  ол  үшін 

конденсаторға  тізбектеп  қосымша  кедергі  жалғауға  мәжбүр  боламыз.  Бұл 

жағдайда  екі  пар  конденсатор  –  резистор  жиынтығының  фазалық  ығысуы 

180º-тан  кем  болып  шығады.  Олай  болса,  қажетті  фаза  ығысуын  біз  кем 

дегенде үш RC тізбегінің кӛмегімен алуымыз керек. 

10.2-суретте  беріліп  отырған  RC  -  генератор  тәсімі  да  осылай 

ойластырып  құрастырылған  жүйенің  нәтижесі.  Және  де  R  мен  C 

элементтерінің  орындарын  ауыстырып  қоссақ,  одан  оның  нәтижесі 

ӛзгермейді:  бірінші  қосылуда  +180º  ығысуые  алсақ,  ал  екінші  жағдайда  - 

180º ығысуын аламыз. Қай жағдайда болмасын фаза теңбе–теңдігінің шарты 

бұзылмайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет