10.2 сурет – RC-генератор тәсімі
Кӛбінесе RC тізбектеріндегі кедергілер мен сыйымдылықтар ӛзара
тең күйінде алынады. Бұл жағдайда үш RC тізбегінен тұратын кері байланыс
жолы сигналды 29 есе азайтады екен (ӛздеріңіз есептеп кӛріңіздер). Олай
болса, амплитудалық теңбе–тңедікті орындау үшін транзистордың
күшейткіштік сапасына қойылатын талап қандай болады? Осы азайтудың
орнын немен және қалай толтыруға болады?!
Әрине, күшейту коэффициентімен. Оның шамасы 29-дан артық
болмаса, кем болмауы тиіс! Яғни пайдаланылып отырған транзистордың
күшейту коэффициенті 29-дан кем болмауы керек. Тіпті транзистор
кӛрсеткіштерінің тұрақсыздығын ескере отырып, ол 29-дан артық болуы
керек десе де артық болмайды.
Айтылған тұжырымға қатысты тағы бір қосымша сұрақ тууы
мүмкін. Егер кері байланыс жолы үш RC тізбегінен құралса, оның беріліс
коэффициенті χ=1/29 болса, алайда К≥29 болғанына байланысты,
|