Модуль 7 Ата-аналардың аман-саулығы – баланың бүкіл өмір бойғы денсаулығының, дамуының және аман-саулығының негізі
Модуль мақсаты
Келесілерді түсіну:
«Перинаталдық психикалық сырқат» деген не
Ата-ананың перинаталдық психикалық сырқаты балаға, отбасына, қоғамға қалай әсер етеді
Сырқаттың бар-жоғын қалай анықтауға болады
Ата-ана осы сырқатқа шалдыққан отбасыға қолдау көрсету үшін не істеуге болады
НЕГІЗДЕРІ
Перинаталдық психикалық сырқат аналарда да, әкелерде де біз ойлағаннан да әлдеқайда жиі кездеседі.
Сырқат босануға дейін де, кейін де кездеседі және босанудан кейін 2-3 жылға жалғасуы мүмкін.
Сырқат жеңіл де, ауыр да болуы мүмкін. Психикалық сырқаттардың, әсіресе, босануалды кезеңінде білінер-білінбес сырқаттардың жоғары пайызы байқалмай және емделмей қалады.
Перинаталдық психикалық сырқаттар барлық елдерде, барлық мәдениеттерде және кіріс деңгейі мүлдем әртүрлі адамдарда кездеседі, бірақ, шамадан тыс стресс және әлеуметтік қолайсыздық жағдайында туындау қаупі аса жоғары болады.
Ата-ананың перинаталдық психикалық сырқаты балаға құрсақ ішінде жатқанда және ерте балалық шақта әсер ете бастап, гормоналдық өзгерістер мен улы стресс тудырады.
Осындай әсердің салдарын бала ата-анасы сырқаттанғанда ғана емес, есейгенде де, яғни, бүкіл өмірі бойы сезінеді.
Егер перинаталдық психикалық сырқаттарды анықтамаса және емдемесе, отбасына және қоғамға қыруар қаржылай және әлеуметтік шығын келтіреді.