Əмбебап-прогрессивті моделі
балалар жəне сəби өлімі,аурушаңдығы жəне шала туылу көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған.Аталған модель бойынша баланы үйден барып қарау қызметі - баланың жан-жақты дамуына,балалардың жарақаттануының алдын алуға,отбасындағы қарым-қатынастың жақсаруына септігін тигізеді. Патронаждық қызметтің мұндай моделі денсаулық сақтау жүйесі қызметтеріне кең қол жетімділікті ,сонымен қатар əлеуметтік осал жəне тұрмысы төмен отбасыларды əлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді.
Патронаж — тұрмыстағы санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту, сауықтыру және алдын алу шараларын жүргізуге бағытталған емдеу- профилактикалық мекемелерінің жұмыс түрі. Патронаж, әсіресе, ана мен бала денсаулығын сақтау мекемелерінде кең қолданылады.
Босануға дейінгі және босанғаннан кейінгі патронаж. Босануға дейінгі патронажды учаскілік акушер міндетті түрде екі рет: есепке алу және босанар алдында, және осыған қоса, қажет болған жағдайда (белгіленген тәртіпті бақылау, дәрігерге жүктілерді шақыру үшін) жүргізеді. Босанғаннан кейінгі патронаж. Босану үйінен шыққаннан кейінгі алғашқы 3 тәулік ішінде әйелге әйелдер кеңесі жұмысшылары келеді – дәрігер (патологиялық босанулардан кейін) және акушер (қалыпты босанулардан кейін). Уақытылы босанудан кейінгі патронажды қамтамасыз ету үшін әйелдер кеңесі босану стационарларымен үнемі байланыста болулары қажет.
Әмбебап-прогрессивті үлгінің мақсаты-ерте жастағы балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын ата-аналар мен жақын ортаның әл-ауқатымен тығыз байланыста қорғау және нығайту.
Медициналық-әлеуметтік жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі медициналық-әлеуметтік патронаж болып табылады.
Патронаж (фр. patronage-қамқорлық)-үйде жүргізілетін профилактикалық бағыттағы медициналық-әлеуметтік жұмыс түрі.
Медициналық-әлеуметтік патронаж-жекелеген адамдардың, отбасылардың, халық топтарының медициналық-әлеуметтік көмекке қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын медициналық, әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар қызметінің түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |