Патронаждықызметтің әмбебап моделі БМСК патронаждық қызметінің әмбебап-прогрессивті моделі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы алғашқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) патронаждық қызметінің әмбебап прогрессивті моделін балалардың денсаулығы, дамуы мен әл-ауқаты көрсеткіштерін жақсартудың тиімді жүйесі ретінде енгізуді көздейді.
Әмбебап-прогрессивті үлгінің мақсаты-ерте жастағы балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын ата-аналар мен жақын ортаның әл-ауқатымен тығыз байланыста қорғау және нығайту.
Қысқа және ұзақ мерзімді перспективада патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделін табысты енгізу кезінде балалар, ата-аналар, отбасы, қоғам тарапынан оң нәтижелер күтуге болады.
Жұмыс бүкіл отбасы деңгейінде жүргізіледі, сондықтан патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап-прогрессивті моделі жалпы тәжірибелі дәрігер жұмыс істейтін учаскеде енгізілуі мүмкін.
Медициналық ұйымда бала айналасындағы команданың негізгі мүшелері болып табылатын психолог және социолог болуы тиіс. Патронаж қызметкерлері жақсы дайын болуы, қажетті қызмет көрсету үшін жеткілікті білімі мен дағдысы болуы тиіс. Базалық және кеңейтілген курстар аяқталғаннан кейін патронаж бикелері сертификат алады.
Курсқа теориялық, практикалық сабақтар, тестілеу, ситуациялық есептерді шешу, өзіндік жұмыс, отбасына кеңес беру, патронаж, эко-карта құру кіреді.
Жұмыс барысының алғашқы күні олар облыстық балалар ауруханасында өткен семинарда болды. Семинарға сонымен бірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләйім Жақсылықова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова қатысты.
Отбасы денсаулығына тәуекел факторларын анықтау арқылы өмір сүру жағдайын, психо-әлеуметтік қызметін, денсаулығын жақсарту мақсатындағы модель 2016-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және облыс әкімдігінің бірлесуімен жүзеге асырылды. Инновациялық тәсілді пилоттық жобада енгізуге қалалық №№1, 6 емханалармен бірге Жаңақорған аудандық емханасы таңдап алынды. Биылғы жылдан бастап модель барлық елде ендірілуде. Ал, жоба аясында біздің облыстың барлық БМСК ұйымдарында 18 ресурстық орталық ашылды. Онда ата-аналардың баланы дұрыс тамақтандыруы және қосымша тамақ беруі бойынша практикалық дағдылар оқытылады. Әлеуметтік және медициналық қызметтердің тығыз ынтымақтастық қарым-қатынасы арқасында отбасына толыққанды көмек көрсетіледі.
Ю.Оксамитный балалар өлім-жітімінің, аурушаңдығының және шала тууының алдын алуда патронажды қызметтің маңыздылығы жөнінде айтты. Оның айтуынша, Қазақстанда соңғы 10 жылда балалар өлім-жітімінің көрсеткіші 1000 туылған нәрестеге шаққанда 18,8-ден 12,6-ға төмендеген. Сонымен бірге, аталған модель патронажды мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерге балалар мен отбасы қажеттіліктерін нақты жоспарлауға мүмкіндік беруде екен. Осының нәтижесінде бала мен отбасының әлеуметтік қажеттіліктері дер кезінде шешілуде.
Семинарда сондай-ақ, патронажды қызмет көрсетудің әмбебап прогрессивті моделін енгізу шеңберінде биылғы жылдың 10 айында оқу орталығы базасында 119 дәрігердің, 666 орта буын медицина қызметкерінің, 22 әлеуметтік қызметкер мен 23 психологтың оқытылғаны белгілі болды.Семинарға қатысушылар ресурстық орталық жұмысымен және патронажды медбикелердің үздіксіз білім алу жүйесімен танысты.Халықаралық сарапшылар делегациясы бес күндік жұмыс сапары барысында емханаларда болып, патронажды мейірбикелердің үздіксіз білім алу жүйесімен танысып, патронажды мейірбикелер, жалпы тәжірибелік дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар және медициналық ұйымдар жетекшілерімен жүздесіп, тәжірибе алмаспақ.