Модуль Педагогикалық мамандыққа кіріспе


б) Орта ғасырлардағы мұғалім мамандығының дамуы



бет11/11
Дата28.01.2022
өлшемі26,66 Kb.
#115440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
педагогика

б) Орта ғасырлардағы мұғалім мамандығының дамуы

 Орта ғасырларда білім беру ісінің дамуы батыс және шығыс өркениеттерде әр түрлі деңгейде болды.  Батыс елдерінде христиан шіркеуі мемлекеттік істерге араласып, діни тәрбие жүргізілді. Дін өз ықпалын жоғалтып алмау үшін ғылым ісінің дамуына шектеу қойып отырды.

 Орта ғасырларда батыс елдерінде келесідей мектептің  типтері болды: монастрлік, соборлық, приходтық.  Бұл мектептерде мұғалім қызметін монахтар атқарады. Білім беру ісі адамдардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайларына байланысты, таптық сипатта болды. Оқыту жекелей, топтық оқыту арқылы іске асты. Мұғалім әрқашанда оқушыдан жоғары тұрды. Сабақ беру барысында оқушылар қателік жасаған жағдайда оларды жазалауға да жол берілді. Шіркеулік мектептерде «жеті еркін өнер» деген пәндер жүйесі оқытылды. Ол екі бөліктен тұрды: тривиум пәндері, оған грамматика, диалектика, риторика пәндері кірсе, квадривиум пәндеріне арифметика, геометрия, астрономия, музыка кірді.

Орта ғасырлық қоғамда серілік (рыцарьлық) тәрбие ерекше орынды алды. Сері атағын алу үшін 7 жастан 21 жасқа дейін әр түрлі білімдерді игеру қажет болды. Серілік мектебі «Жеті серілік игіліктерден» құралды: өлең құрастырып, ән айту, шахмат ойнай алу, қылыштасу, аң аулау, найза, қылыш, қалқан ұстай алу, жүзу, ат құлағында ойнау сияқты жауынгерге қажетті іскерліктерді меңгеруі тиіс еді. Сері тәрбиесімен феодал және оның әйелі айналысты. 21 жасқа толғанда арнайы сынақтан өтіп, өз атағын алуы тиіс болды.

ХІІІ ғасырдан бастап еуропа жерінде алғашқы жоғары оқу орындары пайда болды (Оксфорд, Кембридж, Сарбона және т.б. университеттер). Орта ғасырлық университетте дін, медицина, заң факультеттері жұмыс істеді.

Орта ғасырлардың соңына қарай қоғамның, сауда ісі мен қолөнердің дамуына байланысты діни сипатағы білім адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан мектептің жаңа типтері - қала мектептері пайда болды. Қала мектептеріне шеберханалық және гильдейлік мектептер бірікті. Шеберханалық мектептер қолөнершілерді дайындап, онда мұғалім қызметін шебер атқарды. Ал гильдейлік мектептер сауда ісімен айналысушыларды дайындады.



Шығыс қоғамында білім мен ғылым ісінің дамуына жақсы көңіл бөлінді. Орта ғасырлық шығыс елдерінде ғылымның әр саласы дамып жетілді. Әсіресе, математика, геометрия, физика, астрономия, география, медицина, биология, философия, тарих, тіл және т.б. салалары дамыды. Шығыс қоғамында да діни сипаттағы білім беру мекемелері болды. Бірақ дін ғылымның дамуына батыс қоғамындағыдай шектеу қоймады.

Қазақстан жерінде мектеп қызметін медреселер атқарды. Қазақстан жерінде мұғалімдік қызметпен орта ғасырларда молдалар, ишандар, ақсақалдар, тәжірибелі оқыған адамдар айналысты. Қазақстан жерінде де басқа мемлекеттердегідей білім беру ісі жолға қойылып, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Оған қазақ жерінен табылған әр түрлі археологиялық ескерткіштер дәлел болады (Отырар кітапханасы, ескі қала орындары, көне кітаптар, ғалымдардың еңбектері т.с.с.).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет