Модуль Педагогикалық мамандыққа кіріспе



бет4/11
Дата28.01.2022
өлшемі26,66 Kb.
#115440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
педагогика

Экзистенциализм немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. Экзистенциализм негізгі ұғымы – тіршілік - өз «меніне» шомған жекеленген адам болмысы.

Экзистенциалистер түсінігінде шынай дүниенің мәні оның субъекті сипатты болуына тәуелді. Олар тікелей объектив білімдермен объектив шындыұты мойындамайды. Сырттай дүние әр адамның ішкі «мені» тарапынан қалай қабылданса, солай танылуы тиіс. Диалектикалық материализм табиғат, қоғам және ойлау процестерінің жалпы қозғалыс және даму заңдылықтары жөніндегі философиялық білім ретінде ХІХғ. 40-жылдарында туындады. Ол ХХғ., әсіресе социализм елдерінде кең өріс тапты. Диалектикалық материализмнің негізгі тұжырымдары келесідей: материя-бірінші, ал сана-одан туындаушы, материяның дамуы нәтижесінде пайда болатын өнім.



Неотомизм – орта ғасырлық діни философ Фома Аквинскиден бастауын алаған әдіснамалық бағыт. Бұл ағымның ерекшелігі – сана объективтігін мойындайды. Бірақ мұның астарында сыр бар: сана неотомистер үшін діни догмаларды дәлелдеумен шіркеудің адамдарға болған ықпалын күшейте түсу құралы ретінде ғана қажет.

Ғылыми білімдердің адамдар өміріне жан-жақты, берік енуінмойындаудан, неотомистер орта ғасырлық Ф.Аквинский идеяларын осы заман жағдайлары мен талаптарына сәйкестендіре қолдануға мәжбүр болып отыр.



Білім беру - педагогиканың негізгі категорияларының бірі,  бұл ұғымды әр түрлі мағынада түсіндіруге болады.  Білім беруді  процесс, нәтиже, жүйе ретінде қарастыруға болады.   

Білім беру ұғымын процесс ретінде қарастыратын болсақ, бұл тұлғаның жетістікке жетуі үшін арнайы ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесін  яғни педагогикалық процесті атаймыз. Бұл өз кезегінде мұғалімнің сабақ беруі мен оқушының оқу арқылы жүзеге асады.

Білім беру ұғымын нәтиже ретінде қарастыратын болсақ, ол тұлғаның жеткен жетістігі, жинақтаған білімдері, іскерліктері, дағдылары, яғни жинақтаған әлеуметтік тәжірибесі деп түсіндіруге болады.

Білім беру ұғымын жүйе ретінде түсіндіретін болсақ, бұл азаматтарға жетістікке жету үшін және педагогикалық процесті  арнайы ұйымдастыратын әлеуеметтік жүйені атаймыз. Білім беруді жүйе деп қарастырсақ, білім беру жүйесі ол арнайы ұйымдастырылған, тарихи қалаптасқан оқу-тәрбие мекемелерінің және оқу бағдарламаларының жиынтығын атаймыз. Әрбір мемлекеттің өзіндік білім беру жүйесі болады.

Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында анықталғандай білім беру жүйесі дегеніміз өзара iс-қимыл жасайтын:

1) бiлiм беру деңгейiнiң сабақтастығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының және бiлiм беретiн оқу бағдарламаларының
2) меншiк нысандарына, үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан, бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының

3) бiлiм берудi басқару органдары және тиiстi инфрақұрылымдар, оның iшiнде бiлiм сапасы мониторингiн жүзеге асыратын ғылыми және оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету ұйымдарының жиынтығын бiлдiредi.

Білім беру жүйесінің пайда болуы мәдениетті сақтап қалуға және оны дамытуға деген объективті қажеттіліктен туындады. Білім беру жүйесі адам мен білім арасындағы делдал қызметін атқарады, яғни білім беру жүйесі адамға білім алуға жағдай жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет