Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі



бет32/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

Р.С. Немов өзiн-өзi тануды психологиялық бiлiм негiзiнде қарастыра,
маңызды қайнар көздерiн атап көрсетедi:
1. Қоршаған орта: ата-ана, туған-туыс, достар т.б баланың іс-әрекетiне
қарап баға берiп, ал бала сол берген бағаны сенiм ретiнде қабылдап, қандай да
бiр өзiндiк баға бала бойында қалыптасады.
2. Адам өз iс-әрекетiн өзгелердiң iс-әрекетiмен салыстыра бағалауы.
3. Өзiн-өзi тану мен өзгенi тану көбiнесе әртүрлi өмiрлiк жағдайлардан,
әртүрлi тесттер арқылы жүзеге асыруға болады.[3, б. 9-19 Немов. Р.С.
Практическая психология].
С.В. Кондратьева бойынша өзiн-өзi тануды зерттеуде әртүрлi бағыттар,
психологиялық механизмдер жайлы сұрақтар, басқа жеке адамды тануда өзара
байланыс ерекшелiгi және өзiн-өзi тануы жеткiлктi дәрежеде зерттелiнбеген.
Өзге адамды түсiнуде және өзара байланыс механизмiн, мазмұнын айқындауы,
мiнез-құлық рефлексивтi қасиетiн анықтауға жол ашады деп көрсетедi [4, б. 36
Кондратьева С.В. Межличностные понимание и его роль в общении:
Автореферат].
Л.Н. Десен тұлғаның өзiн-өзi тануы мен өзге адамдардың ол жайлы бiлуi,
тануының арасындағы өзара байланысын зерттеуде, ең алдымен қоршаған
адамдар ортасында қарым-қатынастың деңгейiн анықтау. Зерттеу мазмұнында
тұлғаның қарым-қатынасы өзiнiң құрбыларымен, қарама-қарсы жынысты
адамдар арасындағы қарым-қатынасы әсер етедi [5, б. 101Десен Л.Н.
Некоторые социально-психические особенности школьников юнешеского
возраста ].
Ж. Маралов бойынша, «өзiн-өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және
жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң
қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен
ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi
қабылдау құралы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты
қабылдау жағдайы.



- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның


жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар
бiр-бiрiн толықтырып отырады [6, б. 9-10 Маралов В.Г. Основы самопознания и
саморазвития].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет