Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі



бет18/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

Күрделі эмоциялар 
Күрделі эмоциялардың бірі — көңіл.
Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не
көңілге кірбең кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне
айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп
жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де
көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелерінің
ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да
адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып
журген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру,
диссертация қорғау т.б.), шат-шадымен күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да
сәтсіздікке ұшырай барсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер
таба алмай қиналады.Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді.
Сондықтан да «Көңілден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген
мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің
мазмұны бай адамдар тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік,
жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері күшті, қажырлы
адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар
іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз
кездерде де көңілді ырқына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы
жұмыс қабілетін арттыруға, адамның жеке қасиетінің жақсы сапаларына
байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере білу —мұғалім үшін
аса қажетті сипат. Төменгі класс оқушыларының мұғалімінің қасы мен
қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мұғалім көңілсіз, кірбің болса,
оқушылардың оқу материялдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді.
Эмоцияның бір түрі —аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа
созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.Аффекттер кейде
адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік
күшінің әлсіреу жағдайында өтеді. (Мәселен, зәре ұшу, қорқу, долылық, жан



түршігу, кенеттен торығу,қамығу.Аффектілердің тууы мидағы қозу мен тежелу


процестерінің өте күшті болуымен байланысты.
Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді. Дені сау адамдарда
болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл
—адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті
адам мұндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де
ойланып істейді. «Ар ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле
көрмек Ашу дұшпан, ақыл-дос, ақылына –ақыл қос» мақалдардың
тағылымдық маңызы ерекше. Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы
ауруға шалдыққан адамдардың аффектерін (патологиялық аффекттер) ажырату
қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының
байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі
кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын
тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе. Дені сау адамдардың аффектісінен
психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффектерін (патологиялық
аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты
орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің
реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке
басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Адамның көңіл күйінің кейпін білдіретін жайттың бірі психологияда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет