Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі



бет19/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

фрустрация деп атайды. Латын тілінен аударғанда –көңілдің бұзылуы,
межелі істің жүзеге аспай қалуы. Жоспарланған ісі мен мүдделі мақсаты түрлі
себептер мен кедергілерге ұшырап, көңілі құлазып,бойын ашу-ыза
кернейді,қайғырып күйзеледі. Фрустрациялық жағдайдағы көңіл күй
өшпенділік,кейіс пен қаһар Жоғары сезімдердің екінші бір түрі —эстетикалық
сезімдер тудырады
Сезімнің адам бойында жиі кездесетін,өзіндік мән-мағнасы бар
ерекшелігі- эмпатия. Жанашырлық сезімнің мән-жайын психологияда ашып
көрсеткен – американдық психолог Э.
Құмарлық —адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын
күшті, терең, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады.
Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық,
бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге
жүк артады, міндеттілік тугызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке
жүктейді, еңбек ғылым мен өнерге ашылған жол»,— деп Абай адамға қажетті
құмарлықтың психологиялық табиғатын жақсы көрсетсе,

Жоғары сезімдер 
Жоғары сезімдер адамға ғана тән. Осы топқа адамгершілік,
эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқынан жиі көрінетін
сезімдердің бірі адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік 
немесе 
имандылық
сезімдердің
мазмұны
да,
құрылымында күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және жеке



жеңіл күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір-


біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана-сезімі жетілген, дүниетанымы
мен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып
отырады.Осындай сезімдердің тобына: достық жолдастық, адалдық, ар-намыс,
борыш, жауапкершілік, ұят т.б. жатады. Ар-намысты қорғау —адамға аса
жарасымды сипат. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі
көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз мініне
іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау — адамның тек өз басын қадір тұтқаннан
туындамайды. Ар-намысты қорғау дегеніміз сонымен бірге айналадағы
адамдарды да сыйлай білу деген сөз. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа
тырысушылық —екінің бірінен кездесе бермейтін қасиет. Мұның адам
психологиясына қатты әсер етіп, терең із қалдыратындығы сонша — кісі кейде
«кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай... ұйқыдан, тамақтан қалатыны да
болады». К.Маркс ұятты адамның іштей ашулануы, өзінше ашу шығаруы екен.
Абай екі түрі бар дейді: оның бірі —надандықтан туатын, екіншісі —жағымсыз
іске, теріс қылыққа ұялу.Оның ұғымынша ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық,
ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын ұят
ақыл парасаттың ісі. «Өлімнен ұят күшті» деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі,
тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның ұялу дәрежесі түрліше
болады. Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына айылын жимаса, мәдениетті,
ақылды кісі мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп кете жаздайды. Адамның ары
мен ұяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып
отырса, мұндай адам ұятты болады дейді Абай. Ұялу сезімі мектепке дейінгі
сәбилік, бөбектік шақта, ылғи да үлкендердің, ата-ананың жақсы сөзі мен іс-
әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту арқылы біртіндеп қалыптасып
отырады. Адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс
әрекеті бұл секілді сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Қоғамдық
тәрбиенің ықпалы мен ар-намысты қорғау адамның тұрақты сезімдеріне
айналады, егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, оны ұжданы көтермей, қатты
қиналады да, бұлаоды орындай алса, оған жаны рахаттанып масаттанатын
болады. Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның экономикалық
жағдайларына сәйкес келеді.
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір
сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі
көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркемөнердегі әсіресе, өмірдегі
шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. «Сұлулық
сезімдері адамның ұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, көріксіз
нәрседен жиренуіне... жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп
көмек көрсетеді». Эстетикалық сезімдер сондай-ақ сурет полотноларынан,
скульптуралық,
архитектуралық,
музыкалық

немесе
сахналық


шығармалардың шебер орындалуынан ләззәт алуға да байланысты да туып
отырады. «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет,—өзін қоршаған дүниенің әсемдік
сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы
паш ету». Мәселен, «жақсы ән мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы әуеннің
адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында ерекше маңыз алатындығын
С.Торайғыров былайша сипаттайды: «халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне



түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен


құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды.
Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті
арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары
балқығандай, шартта-шұрт қол шапалақтасып... тарқайды».
Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәтті күйдің қандай тас көңілді болса
да жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны, көзден жас ағызатыны, бойды
балқытатыны т.б. адам психологиясын нұрландырып, байытатындығын,
адамды ләззәтқа бөлейтінін айтып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет