Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы қалыптастыру контекстіндегі


А.А. Крылов бойынша тұлға өзін жоғары бағалауы



бет39/68
Дата29.11.2023
өлшемі0,72 Mb.
#194076
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Байланысты:
Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы-emirsaba.org

А.А. Крылов бойынша тұлға өзін жоғары бағалауы, өзіне қатынасы, өз
жетістіктеріне, өзін мақтау. Егер өзін-өзі сыйлауы төмен болғанда, адам өзін
жақсы көруі төмендеп, ішкі қақтығыстардың бар болуы, ал өзін-өзі сыйлауы
жоғары болса, өзгелерге кемсіту көзқараспен қарауы өзіне сенімділік,
эгоцентризм және өзіне жағымды жақтарды ұстануы мен талаптану, шынайы
жетістікті салыстырмен қалыптасады.





Американ психологы У. Джеймс жеке адамның талаптануы мен
жетістікке жету табыстарымен байланыстырып, төмендегі формула жобасын
көрсетті. Өзін-өзі сыйлау = табыс /талаптану
Табыс неғұрлым жоғары болса, талаптану соғұрлым төмен болады және
керісінше талаптану жоғары болса, табыс төмен болады. Адам толығымен
талаптанудан бас тарта алмайды, сәттілік пен сәтсіздік шынайы категория, ол
жағдайға және жеке адамның өзіне байланысты болады.
Өзін-өзі сыйлау қоршаған ортадағы адамның дәлме-дәлдігімен
анықталады. Егер өзін-өзі сыйлауы төмен болса, адам өз-өзін алдауы,
шындықтан қорқуы, көптеген психологиялық қорғаныс түрлерінің дамуы,
сондай-ақ, өзін-өзі сыйлау өзге адамдармен өзара қатынас сипатын анықтайды.
Өзін-өзі сыйлаудың дәлме-дәлдігі тәрбиеге байланысты [12, б. 285 Психология.
Учебник. / Под редакцией А.А.Крылова].
Н.В. Крогус бойынша өзін өзге адамдармен салыстырса, субьект өзін-өзі
бағалау ретінде қабылдайды. Егер субьект өзіндік «мен»–ің қалыптастыра тұлға
реттеу мүмкіндігін, өзін дамыу ретінде өзіне белсенді әрекет жасайды [13, б. 71
Крогус Н.В. Взаимообусловленность познания людьми друг друга и
самопознания в конфликтной деятельности ].
С.В. Кондратьева субьект өзге адамдармен қарым-қатынаста өзін-өзі
тануымен бірге басқаның қасиетін танып, өз бойына игере алуы және осындай
процестен кейін өзгені тануда өзіндік феномені пайда болады [14, б. 121
Кондратьева С.В, Галузо П.Р. Влияние понимания своих учителей на характер
общения подросков].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет