Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы



Pdf көрінісі
бет38/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

В.В. Столин
адам ұйымының үш деңгейiн 
көрсеттi: 
1. Биологиялық индивид; 
2. Әлеуметтiк индивид; 
3. Тұлға.
Биологиялық индивид
деңгейiнде өзiндiк сана «Мен» физикалық 
мүмкiндiгiн, өз дене бейнесiн құру мүмкiндiгiн көрсетедi. 
Әлеуметтiк индивид
деңгейiнде өзiндiк сана өзгелердiң көзқарасын 
қабылдау, ата-анасымен өзiн ұқсастыруы, әрекеттi орындаудағы үлгiлердi 
игеру, өзiн-өзi бағалауының қалыптасуы; кейiннен кәсіби идентификациясы; 
өзiн-өзi бақылай алуы тағы сол сияқты қалыптасады. 
Жеке адам
деңгейiнде өзiндiк сана өзiндiк әлеуметтiк құндылығымен, 
өткен, қазiргi және болашақ жайлы елестетуi мен ондағы өзгерiстердiң 
көрiнiсiмен сипатталынады [7, б. 37 Майерс Д. Социальная психология]. 
В.Г. Маралов
сипаттамасында өзiн-өзi тану – бұл әрекеттiң дәйектiлiгi 
мен жиынтығы. Алдымен қандайда бiр тұлғалық қасиетi немесе iс-әрекет 
сипатын анықтап алу, бұл өте маңызды, онсыз өзiн-өзi тану мәнi жойылады. 
Оны санамауға бекiтiп, талдау соңында адамның тұлғалық қасиеттер 
құрылымын, оның шекарасын қарастырып бағалауы да «Мен концепциясын» 
қабылдамайды. Өзiн-өзi тану процесi - бұл өзiнiң бойынан қандайда бiр 
қасиеттi анықтау [6, б. 27 Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития]. 
Кесте 1.1.4 
Өзiн-өзi тану процесi
Анықт
ау
Қабылд
ау


Бекiту
Талдау
Баға
1. Өзiн-өзi танудың түсiну және түсiне алмау деңгейi.
Адам 
қарапайым өмiр сүредi, оқиды, еңбектенедi, қарым-қатынасқа түседi, өз-өзiмен 
сөйлеседi. Өмiр барысында көптеген дәйектер жиналып (өзге адамдар жайлы, 
өзі жайлы), бір мезетте санада бекітіліп, түсініп немесе түсіне алмауы, яғни 
өзіне деген қатынасына бақылау жасай алмауы қабілетінің төмендегі 
байқалады.
2. Мақсаттылық.
Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат қояды және 
бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа 
жетуге тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі бағалауы, талдауы, 
өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге 
асырған сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде керi модел де 
кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары деңгейде болса, өзiн-өзi тануы 
объективтi болмайды, әртүрлi комплекстер пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет