Психика
- бұл «объективті әлемнің субъективті бейнесі».
Психика –
бұл
мидың жүйелі қасиеті.
Адам психикасы
– алдынғы ұрпақтардың құрған
мәдениетті меңгеру үдерісінде тек адамда ғана өмір бойы қалыптасады.
Сондықтан адам психикасы үш құрауыштан тұрады:
сыртық әлем
, табиғаты;
оның бейнеленуі
– мидың толық қанды іс-әрекеті – адамдармен өзара әрекеті;
адамдық мәдениетті
, адамдық қабілеттерді жаңа ұрпаққа белсенді беру,
Психология ғылымы.
Қазақстанда іргелі ғылыми зерттеулер соңғы жетпіс жыл көлемінде ғана
өркен жайып, дами бастағаны белгілі. Бүл жағдай, әрине, психология
ғылымына да ортақ болатын. Әрине, осы ғылымның алдағы жерде гүлдеп
шешек атуына, біртіндеп қанатының қатаюына бірсыпыра алғышарттар сонау
ерте замандардан (әл-Фараби, Абай, Шәкәрімнің психологиялық ілімдері)
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңдерде, сондай-ақ 20-жылдарда (М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов еңбектері) біршама жасалған болатын. Мәселен, Бөкей
Ордасында шыққан "Мұғалім" журналында (1919 ж.), Ғ.Қарашаевтің бірнеше
пәлсапалық, психологиялық, сипаттағы туындылары, Н.Құлжанованың
"Мектепке дейінгі тәрбие" (1923 ж.), "Ана мен бала" кітаптарында да адамның
жан қуаттары жөнінде сөз қозғалған еді. Қазақстанның сол кездегі астанасы
Орынборда кейіннен сол кездегі КСРО Педагогикалық ғылымдар
академиясының корреспондент-мүшесі болған профессор В.Я.Струминскийдің
"Психология" кітабының жарық көруі айта қаларлықтай оқиға болды. Өйткені
орталықтан шалғай шетте жатқан Қазақстанда жан туралы ғылымның іргелі
мәселелері Струминский кітабында кеңес үкіметі тұсында тұңғыш рет күн
тәртібіне қойылып еді. Автор психологияны маркстік тұрғыдан құруға
талпынғанмен, бірақ мұнысы ойдағыдай болмады. Өйткені ол психологияны
ғылыми тұрғыдан баяндаймын деп, механистік материализмге ұрынды.
Мұнысы сол кез жағдайында кешірімді де еді. Кітап авторының сол кездегі
практикалық қызметі (Струминский 20-жылдары Орынбордағы Қазан ағарту
институтының ректоры болған - Қ.Ж.) қазақ топырағына ғылыми-
психологиялық идеялардың алғашқы ұрығын сепкендігіне еш күмән жоқ. Оның
бұдан басқа бірнеше еңбектері Орынборда шығатын журналдарда жарияланды,
сол кездегі мұғалімдердің кәдесіне жарады. Осы кездері Ташкентте
П.Н.Архангельскийдің
"Жұма
оқулары"
("Мектептегі
психологиялық
зерттеулер") дейтін шағын еңбегі қазақ тіліне ықшамдалып аударылды. Сол
жылдары қазақтың біртуар ғұлама ғалым қайраткерлері А. Байтұрсынов,
Н. Құлжанова, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, X. Досмұхамедов т.б.
педагогика мен психология саласында бірнеше төлтума еңбектер жазды.
Отызыншы жылдары қазақ психология ғылымының жекелеген мәселелері
Ә.Сыдықовтың (1898-1983 ж.ж.), С.Қожахметовтің (1910-1945 ж.ж.),
С.Балаубаевтың (1902-1972 ж.ж.) педагогикамен астарластыра жазған бірнеше
кітапшалары мен мақалаларында жарық көрді. Сол жылдары "Жаңа мектеп"
журналының беттерінде қазақ психологтарының аға буын өкілдерінің бірі -
С. Балаубаевтың бірнеше макалалары басылды. Мәселен, оның "Қиын балалар"
атты макаласында жасөспірімдердің психологиясындағы кейбір ұстаз бен ата-
анаға тәрбие процесінде қиындық келтіретін кейбір жайттар талдауға алынып
сөз болады. Мәселен, мұнда жасөспірімдердің организмінде болатын
жыныстық дамудан туындайтын биологиялық өзгерістер, сондай-ақ кейбір
ақыл-ойы кеміс балалардың түрлі топтарға бөлінетіндігі жөнінде кең түрде
әңгімеленеді. Қазақстанда Ұлы Отан соғысына дейін психологиялық мазмұны
терең, іргелі, қомақты еңбек-тер жарияланған жоқ. Өйткені бізде осы
ғылымның теориялық жақтарын насихаттайтын ғалымдар ол кезде саусақпен
санарлық еді.
1938 жылы Т.Тәжібаев Ленинградтан диссертация қорғап, Алматыға
оралған кезден бастап психологиялық тақырыпқа жазылған төл еңбектер жиі
көріне бастайды.
Қазақстанда 1935-1948 жылдары арасында аты бүкіл әлемге әйгілі,
Ресейдегі педагогикалық психологияның негізін салушылардың бірі -
профессор А.П.Нечаев (1870-1948ж.ж.) қызмет етті. Нечаев елу жылдан астам
психология саласында белсенді қызмет еткен, аты әлемге белгілі ғалым еді. Ол
араласпаған психология саласы кемде-кем. Ғалым көп жылдар бойына адамның
есте сақтау ерекшеліктерін тәжірибе (эксперимент) жүзінде тексеріп, оны
мектеп практикасына ендіруді көздеді, яғни психологияның колданбалы
салаларын (жас, педагогикалық психология) дамытуға зор еңбегін сіңірді. Ол -
елуден астам кітаптың, жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Олардың
кейбірі: "Қазіргі эксперименттік психология және оның мектеп ісіне қатысы"
(1908 ж.), "Кітапхана ісінің психологиялық мәселелері" (1922 ж.), "Дене
тәрбиесінің психологиясы" (1928 ж.), "Техникалық өнертапқыштардың
психологиясы" (1928ж.), "Ес және оны тәрбиелеу" (1930 ж.) т.б. Ол өмірінің
соңғы жылдарында Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық
институтында психология пәнінен сабақ берді, сырттан оқитын студенттерге
арнап, "Психология" оқулығының қолжазбасын даярлады. Оның 1940 жылы
жазып бітірген "Психофизиологиялық синдромдар жүйесі" атты еңбегін (бұл
автордың психология саласындағы қырық жылдық еңбегінің қорытындысы)
еліміздің көрнекті психолог ғалымдары академиктер Д.Н. Узнадзе мен К.Н.
Корнилов өте жоғары бағалады. Оған осы еңбегі үшін диссертация қорғатпай-
ақ, педагогика ғылымдарының докторы атағы берілді. Қазақстанда психология
ғылымының өркен жаюына осы ғалымның да зор шапағаты тигені даусыз.
Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуына қолайлы жағдай
жасаған басқа факторлар да аз болған жоқ. Соның бірі Ұлы Отан соғысы
жылдарында Алматыда, сондай-ақ республиканың кейбір облыс орталықта-
рында Ресей, Украина т.б. жерлерден уақытша көшіп келген белгілі ғалымдар
кызмет еткені мәлім. Бұлардың арасында психология ғылымының кернекті
өкілдері де бар еді. Мәселен, ҚазПИ-де профессор-психолог М.П. Рубинштейн,
Қызылордада - белгілі украин психологы, кейін академик болған Г.С. Костюк,
Қостанайда профессор В.Я. Резник т.б. жұмыс істеді. Олар жергілікті
ғалымдармен бірлесіп бірнеше еңбектер жазды. Мәселен М.П. Рубинштейннің
"Батылдық психологиясы" атты зерттеуіне кезінде баспасөз беттерінде жылы
лебіз білдірілді. Республикадағы психология ғылымы әсіресе соғыстан кейінгі
жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жағдайлар
себеп болды. Мәселен, 1947 жылы ҚазПИ-де республика бойынша тұңғыш
психология кафедрасы құрылды. 1946 жылғы БК (б)П Орталық Комитетінің
орта мектептерде логика мен психология оқыту жөніндегі қаулысына сәйкес
1947-1953 жылдары Қазақ университетінде логика және психология
мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1951-1953 жылдар арасында осы
бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықты. Оның көпшілігі психологиядан
мамандық алып, республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарына
мұғалімдік қызметке жолдама алды. Республика үшін психолог кадрларды
дайындауда проф, Т. Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан келген
проф. И.Л. Стычинский (1896-1969 ж.ж.) зор үлес қосты. Осы кезде ҚазПИ мен
ҚазМУ-де психологиядан аспирантура ашылды.
Республикада психология саласында диссертация қорғаған алғашқы ұлт
кадрлары Е. Суфиев, Ә. Темірбеков, М. Мұқановтар болды. Мәселен, 1952
жылы Қазан университетінің ғылыми кеңесінде Е.Суфиев "Қазақ мектептерінің
бастауыш кластарындағы оқушылардың орыс тілін меңгеруінің психологиясы"
атты тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор қазақ окушыларының орыс
тілі сабағында акыл-ойы мен ауызекі сөйлеуінің даму ерекшеліктерін
психологиялық тұрғыдан талдайды. Автор оқушылардың ұғынуына қиындық
келтіретін кейбір орыс тіліндегі атауларға тоқталып, мұның табиғи-ғылыми
жағын И.П. Павловтың жоғары жүйке қызметі туралы іліміне негіздей отырып
түсіндіреді, окушылардың кейбір психикалық функцияларының (қабылдау,
зейін, ойлау т.б.) дамыту, орыс тілін оқыту әдістерін жетілдіру жөнінде біраз
ұсыныс-кеңестер береді. М. Мұқанов "Совет жауынгерлерінің ерлік істерінің
психологиялық ерекшеліктері" (1953 ж.) атты диссертациясында көптеген
жергілікті әскери-әдеби архивтік материалдарға сүйеніп, Ұлы Отан соғысының
майдандарында
қазақстандықтар
көрсеткен
көптеген
ерлік
істерге
психологиялық талдау жасаса, Ә.Темірбеков мектеп окушыларында
отаншылдық сезімнің қалайша қалыптасатындығын зерттеді (1953 ж.).
Осы жылдары республиканың психология ғылымы саласындағы
сұраныстарына орайлас бұлардан басқа да бірнеше диссертациялар корғалды,
жеке еңбектер жарық көрді. Мәселен, Қазақтың Абай атындағы
пединститутының ғалымдары халқымыздың интеллект, ақыл-ой ерек-
шеліктерін этнопсихология, этнолингвистика, салыстырмалы психология
ғылымдары тұрғысынан зерттей бастады. Осындай такырыптардың бірінде
"Хат танымайтын адамдардың затты топтастыруының ерекшеліктері" (В.В.
Стативкин), "Жұмбақты шешудің психологиясы" (Қ. Нүргалиев), Айтыс өнері
мен мақал-мәтелдердегі кісінің ақыл-ой ерекшеліктерінің көрінісі (М. Мұқанов)
зерттелді. Кейіннен психология ғылымының жеке салаларынанда (жалпы, бала,
педагогикалық, сот-заң, әлеуметтік, спорт т.б.) зерттеулер жүргізіліп, бірнеше
еңбектер
жазылды.
Олардың
қатарына
Ш.Бәймішеваның
"Нейропсихологиядағы синдромдық талдау формалары", М.Мұкановтың
"Қабылдау мен есті микроструктуралық талдау", Б.Есенғазиеваның "Силлогизм
және ойды психологиялық талдау", Қ.Шернияздаеваның "Мектеп жасына
дейінгілердің қабылдау ерекшеліктері" т.б. зерттеулерін жатқызуға болады.
Психологияның жекелеген салалар бойынша (жалпы жас, педагогикалық заң-
сот, этникалық, спорт т.б.) бірнеше монография жарық көрді. Олардың кейбірі:
М. Мұқанов, "Педагогикалық психология очерктері" мен "Ақыл-ой өрісі", Н.
Жанділдиннің
"Ұлттық
психологияның
табиғаты",
Ө.Жөкебаевтың
"Қылмыскер мінез-құлқының әлеуметтік-психологиялық аспектілері", Ғ.
Досболовтың "Алдын ала тергеудің психологиясы", Н.Фелифоровтың
"Басқарудың әлеуметтік-психологиялық негіздері", В.Яковлевтің "Діндардың
жан дүниесі", Ә.Алдамұратовтың "Кызықты психологиясы", Р.И. Илешованың
"Медициналық психология" т.б. Осы жылдары проф. Қ. Жарықбаев
психологиялық еңбектер жариялауда өндіре әрекет етті. Оның қаламынан 60-90
жылдар арасында "Психология" (1962 ж.), "Қазақ ағартушылары жастар
тәрбиесі туралы" (1965ж.), "Қазақстанда психологиялық ой-пікірлердің дамуы"
(1968 ж.), "Әл-Фараби" (1978 ж.), "Аталар сөзі - ақылдың көзі" (1980ж.),
"Ұстаздық еткен жалықпас" (1987ж.), "Ақылдың кені" (1991 ж.) т.б. Соңғы
жылдары қазақ халқының сан ғасырлық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің даму
жолдарын көрсететін диссертациялар қорғалып, бірнеше төл-тума еңбектер
жарық көрді. Олардың қатарына: В. Чистовтың "Әбу Нәсір Әл-Фарабидің
психологиялық мұрасы" (М.,1989ж.), Қ.Шәймерденованың "Абай
Құнанбаевтың
педагогикалық
көзқарастары"
(Алматы,
1988
ж.),
К.Ыбыраеваның "Мұхтар Әуезовтің педагогикалық көзкарастары" (Алматы,
1991 ж.), А.Ақажанованың "Қазақстанда жас және педагогикалық
психологияның дамып, қалыптасуы" атты диссертацияларын жатқызуға бола-
ды. Қазірде Ш.Құдайбердіұлы, А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж.
Аймауытовтардың
тәлім-тәрбиелік
мұралары
зерттелуде,
бұлардың
психологиялық көзқарастары жайлы бірнеше еңбектер жарияланды. 1988
жылдан бастап Қазақ, кейіннен Қарағанды, Қазақ педагогикалық, Шығыс
Қазақстан университеттерінде, Ақтөбе пединститу-тында психолог кадрлары
даярлана басталды. Қазақ тілінде бірнеше психологиялық төлтума оқу
құралдары мен оқулықтар, терминологиялық сөздіктер, библиографиялық
көрсеткіштер, ұлттық психология салаларынан арнаулы дәрістердің
бағдарламасы т.б. басылымдар жарық көрді. Республикадағы психология
ғылымының дамьш, өркендей түсуіне: "Ойлау және қарым-қатынас" атты
бүкілодақтық симпозиумы (Алматы, 1973 ж.), "Кісінің белсенділігі және оқыту
мөселесінің психологиясы" атты республикалық конференция (Целиноград,
1976 ж.), "Мектеп реформасының талаптарына орай бала және педагогикалық
психологияның проблемаларын жандандыру" (Алматы, 1986 ж.), академик
Т.Тәжібаевтың
туғанына
80
жыл
толуына
байланысты
өткізілген
"Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті
проблемалары" атты ғылыми-теориялық конференция (Алматы, 1990 ж.),
сондай-ақ 1992 жылғы "Халық педагогикасы мен психология дәстүрлерінің
оқу-тәрбие ісінде" қолданылуы ғылыми-практикалық конференцияның
материалдары үлкен демеу болды. Қазірде психологияның әр түрлі саласынан
70-тен аса ғылым кандидаты мен бес доктор, профессорлар бар. Бұлардың
кейбірі ұлттық психологияның дамуына елеулі үлес қосып отыр.
Республикада 1958 жылдан бастап Қазақ республикалық психологтар
қоғамы, жастар калалық зерттеу орталығы (1987 ж.), "Отбасы қызметі" атты
консультациялық кабинет жүмыс істейді. Психологиялық проблемаларды
зерттеу ісімен жиырма педагогикалық институт пен бес университеттің
арнаулы кафедралары айналысады. Қазіргі кезде үш жүзден астам ғылыми
қызметкер психологиялық зерттеулер жүргізуде, орта арнаулы, жоғары оқу
орындарында студенттерге дәріс оқумен айналысуда. Бұлардың жетпістен
астамы - психология ғылымының кандидаттары мен доктор профессорлары.
Ғылыми кадрлар даярлау ісімен профессор Қ. Жарықбаев, Н.А. Логанова, Ж.
Намазбаева, Б. Хамзин,
В. Шабелышков т.б. ғалымдар айналысып жүр.
Соңғы кездері әсіресе жариялылық, демократиялық бетбұрыстар
республиканың егемендік алып, тәуелсіздігін жариялаған тұста психологиялық
зерттеулердің комплексті тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне
орайластыра жүргізудің кажеттігі сезіне бастады. Осындай тақырыптарға
біздегі ауыл-село мектептерінің әлеуметтік-психологиялық мәселелері, мал
шаруашылығы түрлі салаларына қатысты мамандықтың психологиялық
ерекшеліктері, жетімдер балалар үйлері мен мектеп-интернаты, лицей, медресе
окушыларының психологиялық ерекшеліктері, ақыл-есі кенжелеу дамыған
балаларды оқытып тәрбиелеу мен талантты, дарынды шәкірттердің
психологиясын зерттеу, қос тілділік пен көп тілділіктің психологиялық
астарларын іздестіру, ұлт (қазақ) мектептерінің бағдарламаларының
психологиялык аспектілері, оларға тиісті өзгерістер енгізу, кешкі, сырттай
оқытатын орта мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің оқу
мазмұнын анықтау, орта арнаулы, жоғары оқу орындарының толып жатқан
психологиялық мәселелерін қарастыру міндеттері алда тұрған келелі
проблемалар болып саналады.
Халықтық педагогика көтерген тәліми мәселелерді адамның жан
дүниесіне орайластыра баяндайтын колданбалы мәні зор психология
ғылымының бір саласы - халықтық психология деп аталады. Мұнда ғасырлар
бойы сұрыптала жинақталып, жүйеге түскен ұлттық дәстүр, салт-сана, әдет-
ғұрып, ұрпақтан-ұрпаққа біртіндеп жалғасатын адамгершілік, ақыл-ой,
эстетикалық, еңбек, дене т.б. таптауынды болған нормалар мен принциптер,
яғни халықтың жан дүниесі, өзіндік мінез-құлқы, іс-әре-кетінің ішкі астарлары
сөз болады. Халықтық психология - психика мен мінез-құлықтың қанга
"сіңген", тез өзгеріп не жоғалып кетпейтін ұлттық белгісі, мезгіл мөлшерімен
алғанда ұзақ дәуірдің желісі. Ұлттық дәстүр мен салт-сананың адам
психикасынан елеулі орын алатын біркелкі тұрақты құбылыс екендігін әр
кездері ғұмыр кешкен ғұламалар ерекше атап көрсеткен еді. Халықтық
психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен, өмірдегі
пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдердің жүйесі.
Бұл - адам мінез-құлкының көптеген жақтарын қамтып, белгілі этностық өзіне
тән психикасы жөнінде біршама мәнді мағлұматтар беретін ілім-білімдердің
жүйесі. Әйтсе де арнайы дәл ғылыми жүйеге негізделмегендіктен, бұлар адам
психологиясын жан-жақты ажыратуға жарай бермейді. Мұндай жағдайда біз
тек ғылыми психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен, этнографиямен
астарласа дамыған этнопсихология дейтін арнаулы ғылым саласы
шұғылданады. Этнопсихология - әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф,
фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғүрып, дін т.б.) жемісін, сол Халықтың
психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі деп есептейді.
Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде,
кейінірек Батыс Еуропа елдерінде (Лацариус, Штейнталь, Вундт, т.б.) пайда
болды. Қазақ топырағында бұл мәселемен көбірек айналысқан Шоқан
Уәлиханов еді. Оның еңбектерінде "халық рухы" дейтін атау жиі кездеседі.
Мұны "халықтық психология" ұғымының синонимі деуге болады. Бұл жайт
біртуар қазақ ғалымының сол кездегі еуропалық этнопсихологтардың
еңбектерінен хабардар болғандығын жақсы байқатады.
|