ауыстырады. Токарь станогінде жұмыс
істеуді меңгерген жұмысшы
машинаның қалған түрлерінде жұмыс істеуге иез дағдылана алады.
Тасымалдау заңы әр текті дағдыларға үйлеспейді. Мәселен,заттың түстерін
айыру дағдылардың сызық тардың ұзындығын немесе әрселердің салмағын
айыру үшін қолдануға болмайды. Сондай-ақ жаяу жарысқа қажетті дағдылар
жекпе-жек кұресудің дағдысына қолайлы әсер етпейді.
Бұрынғы дағдылардың жаңа дағдылардың жасалуына бөгет келтіруін
интерференция деп атайды
. Дағдылардың интерференциясы екі түрлі болады.
Жаңа
дағдыларды
қалыптастыруда
бұрынғы
дағдылар
кедергі
жасайды.Интерференцияның бұл түрін
ассоциятивтік
тежелу деп атайды.
Бұрынғы дағды жаңа дағды қалыптасып болғаннан кейін де өзінің кесірін
тигізе беруі мүмкін. Интерференцияның осы түрі репродуктивтік тежелу деп
атайды. Оқу тәрбие процесінің нәтижелі болуы үшін мұғалім осы
заңдылықтарын біліп отыруы қажет.
Бұрын қалыптасқан дағдылар ұзақ уақыт қайталанбағандықтан не
жатықпағандықтан бұзылады. Мұндай жағдайларда
көбінесе құрамы өте
күрделі
дағдыоар
алдымен
бұзылатыны
мәлім.
Мәселен,тәжірибелі
ұшқыштардың өзі көп уақыт бойы өшпаса, дербес қшудан сескеніп, батылы
бармайтын көрінеді. Ұшу дағдылары өте күрделі дағдылардың бірі екендігі
белгілі.
Нашар менгерілген дағдылар да тез қалыптаспайды. Мәселен, шет тілді шала
білетін адам, кейін оған қайтадан кіріссе, оқу техналогиясынан үлкен
қиындықтар көреді. Бірақ, қайталап жаттығудың нәтижесінде қалыптаспаған
дағлыны адам қайтадан қалпына келтіре алады.Осы момені Л.Н.Толстой «Анна
Каренинада» шалғымен шөп шабу дағдысын жоғалта бастаған Левиннің
басынан
жақсы байқай алған
: «көптеген адамдар шалғы шапапағандықтан,
өзіне қараған жұрт көзінен де қысылып, алғашқы сәтте қатты сілтегенмен
дн, нашар шапты. Левин... қалайда тәуір шабайын деген оймен... «қолымды
құлаштай бермей, бүкіл кеудемді сала сілтейін», -деп
ойлады... Тағы да екі сала
шауып шықты... Қазір жұмысында, өзіне бір орасан рақат сезілген өзгеріс те
басталаын деді. Жұмыс үстінде тіпті не істеп жүргенін де ұмытып кеткен
сәттері болып, ондайда өзіне оп-оңай соғып, сол сәттерде шапқан саласы да
Тит саласындай тегіс, жақсы шығып отырды. Бірақ не істеп жүргенін еске
алып , тәуірірек істейтін деп, тырыса бастаса-ақ болды, еңбектің де бар
салмағын дереу сезіп , шапқан саласы да нашар шығып отырды... Левин
неңырлым шаба тускен сайын, өзін-өзі ұмытқан сәттері де соғырлым жие
сезіп, соның тұсында қолы да шалғы сілтемей, қайта өзін- өзі сезінген өмір
толы денесін шалғының өзі өозғап, ой жұмсалмай, тылсым бойынша істеліп
жатқанын, жұмысы да өзінен-өзі дөп түсіп, дәл істеліп жатыр. Ол бір ең
рақат минуттар болатын. Сол өзін ұмыта сілтеген қимылды қойып, ойлай
керек болса-ақ, қиындай да берді;қиындағанда не шоқаттарды,не оталмаған
атқұлақтарды шапқан шақттар да қиындады...Бұл жүріс өзгерістері Левинге
де, соның соңындағы жас жігітке де қиын тиді.Ол екеуі де бір түйіле
қимылдап, жұмысқа қыза кірісіп алған соң-ақ, қимылдарын өзгертіп, алдынғы
жақта не болып жатқанын қоса бақылау дегенге шамалары келген жоқ»
Психологиялық эксперименттердің нәтижелері
кейбір күрделі дағдылардың
белгілі даму дәрежесіне жеткізілмеуі олардың бұзылуына себепші болып
отыратындығын
байқатады.
Мәселен,балалар
бақшасының
жоғары
тобындағыларды жазды күні кеспе әліппенің
кейбір элементтерімен
таныстырып, екйін күзде олардың сол үйренгендерін байқап көргенде
балалардың бұрын білгендерін ұмытып қалғандары байқалған.Балалар
бақшасында хат тану негізгі міндет болып есептелінбейді де, оның үйретудің
методикасы мектептегіден әлдеқайда төмен болады. Балардың бұрын
білгендерін кейін ұмытып қалуына да осы жағдай әсер еткені сөзсіз.
Дағдылардың бұзылуының жеке көріністерінің бірі де автоматизация.Мұны
дағдылардың босансуы деуге де болады. Мәселен,емле ережелерін жақсы
білетін адам дмктант жазған кезде , сол ережелерді әдейілеп еске түсіріп
отырады.Мұңдай кезде оның дағдысы бұзыла бастайды, тез жаза алмайды,
кібіртіктей береді.Мұндай жағдай баланың
осы дағдыны тек бір жолмен
үйренгендігін көрсетеді.Егео бала мұның толып жатқан тәсілдерін білсе,
үйренгенін ретімен қолдана біледі.
Адамның түрлі аффект жағдайларында жасалған дағдыларды да содай-ақ
жеңіл менгерілгендерді де бұзылуға тез ұшырап отырады.Дағдылардың осылай
бұзылып, тіпті жоғалып отыруы олардың автоматталу дәрежелесінің
әр
түрлігінен
болады.
Мәселен,жүру,
жүгіру,аяқ-қол
қимылдарының
автоматталынуы оңай болса, спорттық дағдылардың автоматталу жолы өте
күрделі болып келеді.Соңғылары арнаулы жаттығулар мен қайталауларды көп
керек етеді. Сол секілді ақыл-ой дағдыларының автоматталынуы да өте күрделі
жаттығуларды керек етендіктен, бұлардың
қалыптасуына да көптеген
қиыншылақтар, осыған орай бұзылулар жиі кездеседі.
Дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды, сондай-ақ әдеттерді
автоматизмдер
деп
атайды.
Адамда
туысынан
пайда
болатын
автоматизмдермен (жүрек пен ішектің қозғалыстары, дем алу процесі т.б.)
қатар өмір сүру барысында қалыптасатын автаматизмдер (жүру, сөйлесу, киіну,
ішу т.б.) болады.
Дені сау адамның авиоматизмінен патологиялық (нерв жүйесінің қызметіне
зақым келген жағдайда) автоматизмді ажырату керек. Соңғысы сананың
бақылауынан түгелдей шығып кеткен қозғалыстар. Бұған мәселен, ұйқы
кезіндегі адамның жүруі, бұлшық еттердің дірілдеуі, дененің жеке мүшелерінің
селкілдеуі, тілін шайнау, ернін тістеу т.б. осындай патологиялық автоматизмдер
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: