жануарлар мен адам психикасының
арасындағы айырмашылықтарды
бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы
құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі
шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинкттерінен байқалады.
Арнайы зерттеулер эмоциялық тебіреністердің ми
қыртысы астындағы
орталықтардың нервтік қозуынан вегетативтік нерв жүесінде жүріп жатқан
физиологиялық процестерден болатынын көрсетті.Эмоциялық процестер адам
организмінде, оның тыныс алу, ас қорыту мүшелерінде, жүрек-тамыр
қызметтерінде біраз өзгерістер туғызады.
Эмоциялық тебіреніс кезінде
тамырдың соғуы, қанның қысымы өзгереді,көз қарашығы үлкейеді,
терлеу,бозару,қызару байқалады, жүрек өкпе,орталық нерв жүйесіне
қарай
қанның ағысы күшейеді.
И.П.Павлов ми қыртыстарының эмоция мен сезімдердің барысы мен
көрінісін реттеп, денеде болып жататын барлық құбылыстарды қадағалап
отыратынын дәлелдеп берді.
Адамның эмоциялары мен сезімдерінің барысына екінші сигнал жүйесі
әсер етеді.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар.
Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін –
карама-карсы,
полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену,
қажу, шаттық, уайым, т.б. осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып,
біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің
Достарыңызбен бөлісу: