Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы



Pdf көрінісі
бет24/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

 Ерік сапалары 
 
Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлардың іс-әрекеттің нақтылы 
жағдайларына, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар: 
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу
өзін-өзі меңгере алу, батылдық, шыдамдылық т.б.), екіншіден, адамгершілікке 
сыйымды ерік қимылының сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам 
мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапалары), үшіншіден, еріктің адам 
дербестігінен байқалатын сапаларына (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, 
жинақылық т.б.) бөлінеді. 
Тоқтамға келгіштік 
Тоқтамға келгіштік дегеніміз адамның небір қиын-қыстау кезеңдерде 
қажетті шешімдерге келіп, оны жүзеге асыруға қабілетініңболуы.Тез 


тоқтамға келу үшін адам асығып-аптықпайды. 
Бұл әрбір істі ой таразысына 
салуды қажет ететін қасиет. Тек осындай жағдайда ғана адам алдындағы ісін 
дұрыс бағалап, жоспарлай алады, өзінің барлық мүмкіндіктерін сарқа 
пайдаланады. Басқалардың ақыл-кеңесін тыңдау, ақылға салу, өзін тежей алу, 
қателерді көре білу,тәуекелге бел байлай алушылық- тоқтамға келгіш адамға 
тән қасиеттер. 
 
Адамның өз әрекетін дұрыс түсінуі, істеген ісінің аздыкөпті 
кемшіліктерін көре білуі оның ақыл-ой парасатымен байланысып жатады. Біреу 
тоқтамға келуде оншама көп қателікке жол бермейді, ал екінші біреу көптеген 
қателіктерге ұшырайды, сонысынан кейін үлкен опық жейді, әре-сарсаңға 
түседі , ал үшінші бір адамдар жиі-жиі түрлі тоқтамға келеді де, алдына сансыз 
мақсаттар қояды. Бірақ оларды көбінесе орындай алмайды. Ақырында мұның 
барлығы оның ерік-жігерін жегідей жеп мұқалтады. 
 Табандылық 
Табанды адам алған бетінен қайтпай, көздеген мақсатына қайткен күнде де 
жетуді көздейді. Ол қажымай-талмай әрекет етіп, осы жолда небір 
қиыншылыққа төзіп, оларды бірінен соң бірін жеңіп отырады. Мұндай адамның 
ерік күші қиыншылыққа қарсы батыл күрес үстінде онан сайын нығая түседі. 
Алматы оьлысының Шелек ауданының тұрғыны Тұрсын Мыңбаев Ұлы Отан 
соғысында екі қолынан бірдей айырылды да, жарымжан болып қалды. Бірақ ол 
қиыншылыққа мойымады. Ол сергектікпен өмір сүріп, халқына пайда келтіру 
жағын ойлады. Ауруханада жатқанда оның «қолынан» Н. Островскийдің 
«Құрыш қалай шынықты» романы түспеді. Островскийдің өмір сүруге деген 
тамаша ынтызарлығы Тұрсынға адам өммірінің бағасын танытып, оның күрес 
жолына сабақ болды. Ол сол ауруханада жатқан кезінде-ақ қалам сұрап алып, 
бақаймен жазу жазды. Қаламды аузымен тістеп сурет салуға машықтанды. Бір 
күндері Лениннің портретін айнытпай салып шықты. Бұл оның мақсатына жету 
жолын бір табан жақындатқандай болды. Көп қажыр-қайрат жұмсап, талмай 
жаттығу нәтижесінде жылдам жазуды да үйренді. Тұрсын сөйтіп шалғымен 
шөп те шапқа, жеміс бағын да өсірген. Үш айлық шоферлер курсын бітіріп, 
машина жүргізуді де үйренген. Совхозда бухгалтер болып істеген. Осындай 
жауапты қызметте жүре бір жағынан жазушылық жұмыспен де айналысқан. Өз 
басынан өткен жайларды қағаз бетіне түсіріп, «Өліммен беттескенде» деген 
кітап жазған. Бұл кітапта өзінің ерекше еңбек сүйгіштігін, табандылығының 
арқасында өмір қызығын татып отырған қарапайымеңбек адамының ерлік ісі 
тамаша жырланған. Бұл мысалдан табандылық,, тек тепсе темір үзетін, қол-
аяғы балғандай, жеті мүшесі сау адамдарда кездесетін қасиет емес, ол қандай 
жағдайда да еңбек ете, еңбекті жан-тәнімен сүйе сүйе білетін адамдардың 
қасиеті екендігі байқалады. Сөйтіп, табандылық кісі таңдамайды, тілесе, кім 
болсын, тек еңбекті сүйе блген, осы жолда ерекше жігер көрсетіп, іске 
мейірлене, құлшына кіріскен адамдардың бойна даритын қасиет. 
Мектеп оқушыларын табандылыққа тәрбиелеуду мұғалім мына 
шараларды жүзеге асырып отырады: 
1) Баланы жас кезінен қолына алған ісін ылғи да аяқтатып, оның қолынан іс 
келетіндігіне сенімін арттырып отыру қажет; 


2) Оқушы дербес әрекет жасауға, өз бетімен қиыншылықтармен күресе білуге 
үйретілсін. Қажетті жерінде тәрбиешінің өзі өнеге көрсетіп отырса, тіпті жақсы; 
3) Баланы коллективтегі ортақ мүдде үшін күресе білуге баул, көпшілік 
алдындағы борышын, жауапкершілігін өтеуге жұмылдыру, оған берілген 
тапсырмалардың орындалу сапасын қадағалау- табандылыққа тәрбиелеудің 
басты жолдары. 
 
Ұстамдылық дегеніміз адамның оқыс қимыл-қозғалыстан, орынсыз сөйлеуден, 
басқа күйіп-пісуден бойын тежей алу қабілеті.
Ұстамды адам әр кез терең 
ойланып, істің тетігін аңғара отыра әрекет етеді. Ол ағат істерге бара бермейді, 
көрсе қызар, яғни нәпсінің құлы емес. Мұндай адам өзінің бар күш-жігерін тек 
алдындағы мақсатын орындауға ғана арнап отырады. 
«...нағыз зор ерік 
дегеніміз бірдемеге тк тілек етіп, соған қол жеткізу емес,- дейді А.С. 
Макаренко,- сонымен бірге керек болған жағдайда қажетсіз нәрседен өзін бас 
иарта білуге мәжбүр етуі керек. Жігер дегеніміз- құр тілекпен қанағаттану 
емес, бұл мезгілдегі тілек те, тоқталыс та, тілектен бас тарту
да...Тормозсыз машина болмайды және тормозсыз
ешбір жігердің болуы 
мүмкін емес». 
Осындай қасиеттер адамның түрлі қиыншылықтарды жеңе білугн машықтануы, 
ауыртпалыққа шыдай, төзе білуі үстінде қалыптасуы болып табылады. 
Орынсыз ұшқалақтық, жеңілтектік, дегбірсіздік, адамның қатты жігерленіп, 
іске белсенді кірісуіне кедергі келтіреді. Ал ерекше күш жұмсауды керек 
етпейтін жерде пәлендей ұстамдылық бар деп айтуға да болмайды. 
Қорқақтыққа, жалқаулық пен тартыншақтыққа, орынсыз ұшқалақтыққа жол 
бермеу- адамның өз бойын тежей ұстай алуының, ұстамдылығының белгісі. 
Өзін-өзі меңгере білу қандай болмасын шешімді қайткен күнде де орындауға 
адамның өзі жеге алуы. Еріктің бұл сапасынсыз қарапайым жұмысты да 
нәтижелі орындау мүмкін емес.
Жастар шыдамдылық пен ұстамдылықтың, өзін-өзі меңгере алудың тарихта 
теңдесі жоқ үлгілерін әр уақытта да көрсетіп келеді. Осындай тамаша қасиеттің 
бір көрінісін А. Фдеев өзінің «Жас гвардия романында фашистердің қолына 
түскен Краснодон батыры Сергей Тюлениннің мінезқұлқы арқылы өте жақсы 
көрсеткен. 
«Сережка өзін ұрғанда да үндеген жоқ. Фенбонг жаралы қолын 
қайырып, басын жерге тигізгенше сытырлатқанда да үндеген жоқ. Тек 
Фенбонг Сережканың жарасына істікті сұғып-сұғып алғанда, Сережка тісін 
шқырлатты...Келесі күні таңертең Сережка мен Витька Лукьянченконы 
беттестірді...Сережка- үндеген жоқ. Содан кейін Витька Лукьянченконы 
алып кетті де бірқатар уақыттан соң камераға қасында Соликовский бар, 
Сережканың шешесі келіп кірді. Олар он бір баланың анасы болған кәрі әйелдің 
киімін қоймай шешіп, жалаңаштады да, қанды топчанға жығып салып, 
ұлының көзінше сым темірмен соға бастады. Сережка міз бақпастан
шешесін ұрғандарға қарап, үнсіз тұрып алып еді. Мұнан кейін, оны шешесінің 
көзінше қаншама азаптап соқты. Бірақ Сережка тіл қатқан жоқ. Тіпті 
Фенбонгтің де есі шығып кеткендей темір сүйменді ала салып, Сережканың 
сау қолын шынтағынан соғып сындырып жіберді. Сережка боп-боз болып 


кетті, маңдайы тершіп қоя берді. Ол : - Болғаны осы...- деген жалғыз ғана сөз 
айтты». 
Күшті ерік адамның осындай ауыртпалықты жеңіп отыруы, өзін меңгере алу 
үстінде де мықтап шыңдала түсед, онан сайын қатайып, беки береді, яғни 
М.Горький айтқандай, « тіпті азғана өзіңді жеңу адамды зор қуат иесі етеді». 
Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу- адамның төзімділік, шыдамдылық , 
батылдық сияқты ерік сапаларымен тығыз байланысып жатады. Адам осындай 
қасиеттердің арқасында ғана өзін нағыз ерлерше ұстай білуге үйренеді, өзін 
қорқу сезіміне билетпей, көңілге алған ісін қажетінше істеп шығады. Адамда 
осындай қаиеттерді тәрбиелеу үшін адамгершілік принциптерін саналылықпен 
ұғынып орындап ртыруға бой ұсындыру, коллектив міддесіне нұқсан келтіретін 
түрлі теріс қылықтардан бас тарта білуге жаттықтыру, дүниетанымы мен 
сенімін, талғамын қалыптастыру, лайықсыз сезімдерді (босқа лепіру, даурығу, 
ұшқалақтық т.б. ) тежей білуге үйретіп отыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет