Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


ашулануы, өзінше ашу шығаруы екен



Pdf көрінісі
бет20/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

 
ашулануы, өзінше ашу шығаруы екен
.
Абай екі түрі бар дейді: оның бірі —надандықтан туатын, екіншісі —жағымсыз 
іске, теріс қылыққа ұялу.Оның ұғымынша ұялмас нәрседен ұялу бұл надандық, 
ынжықтық, жігер-қайрат осалдығы, білім мен тәжірибенің саяздығы. Шын ұят 
ақыл парасаттың ісі. «Өлімнен ұят күшті» деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі, 
тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның ұялу дәрежесі түрліше 
болады. Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына айылын жимаса, мәдениетті, 
ақылды кісі мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп кете жаздайды. Адамның ары 
мен ұяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып 
отырса, мұндай адам ұятты болады дейді Абай. Ұялу сезімі мектепке дейінгі 
сәбилік, бөбектік шақта, ылғи да үлкендердің, ата-ананың жақсы сөзі мен іс-
әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту арқылы біртіндеп қалыптасып 
отырады. Адамның өмір сүрген қоғамы, оның қоғамдағы орны, нақтылы іс 
әрекеті бұл секілді сезімдердің мазмұнына күшті әсер етеді. Қоғамдық 
тәрбиенің ықпалы мен ар-намысты қорғау адамның тұрақты сезімдеріне 
айналады, егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, оны ұжданы көтермей, қатты 
қиналады да, бұлаоды орындай алса, оған жаны рахаттанып масаттанатын 
болады. Қоғамдағы моральдық принциптер сол қоғамның экономикалық 
жағдайларына сәйкес келеді. 
Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір 
сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі 
көріністерді тамашалау немесе табиғаттағы, көркемөнердегі әсіресе, өмірдегі 
шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. «Сұлулық 
сезімдері адамның ұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйініп, көріксіз 
нәрседен жиренуіне... жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп 
көмек көрсетеді». Эстетикалық сезімдер сондай-ақ сурет полотноларынан, 
скульптуралық, 
архитектуралық, 
музыкалық 
немесе 
сахналық
шығармалардың шебер орындалуынан ләззәт алуға да байланысты да туып 
отырады. «Адамзатқа тән ерекше бір қасиет,—өзін қоршаған дүниенің әсемдік 
сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы 
паш ету». Мәселен, «жақсы ән мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалы әуеннің 
адамның эстетикалық сезімдерінің қалыптасуында ерекше маңыз алатындығын 
С.Торайғыров былайша сипаттайды: «халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне 


түсіріп, мұң-мұқтаждарын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен 
құйқылжытып тұрғанда, қандай тас көңіл болса да жібімеген еркіне қоймайды. 
Халықтың қайдағы-жайдағысы ойына қозғалып, түсіп, қандары қайнап, тіпті 
арқалары қозып кетеді. Әркімнің көңіл көздерінен жастар моншақтап, бойлары 
балқығандай, шартта-шұрт қол шапалақтасып... тарқайды». 
Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәтті күйдің қандай тас көңілді болса 
да жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны, көзден жас ағызатыны, бойды 
балқытатыны т.б. адам психологиясын нұрландырып, байытатындығын, 
адамды ләззәтқа бөлейтінін айтып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет