Модуль психологиядағЫ Ұлттық сананы


Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет28/72
Дата29.10.2022
өлшемі1,44 Mb.
#155534
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72
Байланысты:
Модуль психологияда Ы лтты сананы

Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы 
И.П. Павловтың нерв жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі 
темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, нерв процестері күшті, 
бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар көбінесе ұйытқымалы, қимыл-
қозғалысқа шапшаң келеді. Олар- ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын 
тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын 
бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар – холерик темпераменттерінің 
өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атып 
тұратын жауынгер тип деп атады. Сангвиник темпераментінің өкілі, 
Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы, ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақкез-
келген істі тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа 
адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша 
айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері- іс жоқ кезде сылбыр 
күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның 
эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын 
жайттар. 
Флегматик темпераментіндегі адам көбінесе салмақты, сабырлы келеді. 
Олар кез келген нәрсеге сезім білдіе бермейді, асықпай, баппен жүріп-тұрады, 
сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір осл жері – 
қимы қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ 
қарайтындығы, оңтайлықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын 
қандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып 
табылады. 
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ 
әсер еткен нәрсенің бәрін өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде 
жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды, 
бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз ойынашомуға 
бейім тұрушылық, орынсызибалылық – осы темпераменттің ең бір нашар 
жағы. 
Орыстың 
классик 
жазушылары 
өз 
шығармаларында 
түрлі 
темпераменттің өкілдерін тамаша көрсеткен. Мәселен, Л. Толстойдың «Соғыс 
және бейбітшілік» романындағы қарт князь Волконский холерик 
темпераментінің, «Анна Коренинадағы» Степан Оболонский сангвиник 
темпераментінің, Н.В. Гогольдің «Өлі жандардағы» Собакеевич – флегматик 
темпераментінің нағыз айқын өкілдері болып табылады. 
Қызметтің түрлі салаларындағы асқан талантты адамдардың арасынан да 
түрлі темпераменттердің өкілдері табылады. Мәселен, А.С. Пушкиннің өзі де, 
өның сүйсіне жырлаған басты геройларының бірі – бірінші Петр де холерик 
темпераментінің өкілдері болған. «Полтава соғысында» Петрдің темпераментін 
А. С. Пушкин былайша суреттейді: 
«Жалтылдап екі көзі, түсі ызғарлы, 
Қимылы өте шапшаң, тым қаһарлы 
Тамаша тұрған бойы бір ғаламат, 


Бір өзі тәңірінің қаһарындай, 
Адымдап келе жатты...» 

Орыстың ұлы қолбасшысы А. Суворов та холерик делінген: «
Оның 
көзқарасы, сөзі, қимылдары өзгеше қунақылықпен көрініп тұратын. Ол 
тыныш отыру дегенді білмейтін, жүз жұмысты бірден істеп 
тастаудыаңсап тұратын адам еді. Қартайған кезінде де ол жай жүруді 
білмеген, жүіріп жүрген, атқа мінгенде шала жүретін, жолында орындық 
тұрса, айналып өтудің ойына, оның үстінен қарғып кететін болған
». 
Орыс жазушыларының көрнекті өкілдері герценді- сангвиник
темпераменттерінің өкілдеріне жатқызуға болады. 
Табиғи жағдайда темпераменттердің «таза» түрін ажырата алу, көбінесе 
қиынға соғады. Өйткені олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі 
ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін. 
Дегенмен ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі класс 
оқушылары араснан темпераменттердің «таза» түрлерін тауып алуға мүмкіндік 
береді. 
Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра 
отырып, сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың 
темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл 
жерде профессор Н.И Красногорскийдің баланың жоғарғы нерв қызметі оның 
сөйлеу ерекшеліктеріне(атап айтқанда дауыс ырғағына, мәнерлік пен сөйлеу 
қарқына) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады. Осы 
айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы 
ақыл-ой 
әрекетінің 
ерекшеліктерн, 
жұмыс 
істей 
білу 
қабілетін, 
осыларғабайланысты түрлі қозғалыс –қимылдарымен де санасуға болмайды. 
Жоғарыда айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың 
ерекшеліктерін төмендегіше тұжырымдауға болады: 
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет