Ұстамалар ретінде немесе аффективті бұзылыстар фазалары арасында интермиссия болатын, психикалық денсаулығының толық қалыптасуымен және тұлға қасиеттерінің өзгеруінсіз жүретін эндогенді ауру.
Кездесу жиілігі барлық психикалық аурулардың ішінде 70%-ке жуық, көбінесе әйел адамдар ауырады.
МДП-ны дербес ауру ретінде 1896ж. Э.Крепелин анықтаған.
Этиологиясы – белгісіз
Бірақ оған қатысты бірнеше заңдылықтар анықталған:
Осылардың ішінде тұқым қуалаушылық факторына көп көңіл бөлінген. Аурудың қауіп қатері сибс пен дизиготты егіздерде 20-25% , монозиготтыларда 66- 96% болады.
Патогенезі:
Маниакальды - депрессивті психоздың патогенезі гипоталамустың нейрондар жүйесімен мидың базальды бөлігінің синаптикалық берілу бұзылысымен байланысты. Бұл бөліктер психиканың мынадай ерекшеліктерінің қалыптасуымен байланысты: психикалық реакция жылдамдығымен, көңіл-күй фонымен, аффективті жағдайлармен.
МДП-да маниакальды немесе депрессивті фазалардың ауысуымен , интермиссиямен бөлінген, ешқандай тұлға қасиеті өзгермеуі тән. Әрбір фаза анықталған соң психикалық денсаулығы толығымен қалыптасады. Фазалар ұзақтығы әртүрлі бірнеше күннен бірнеше жылға дейін, орташа ұзақтығы 3-6 ай.