Экспансивті мания – көңіл күйдің жоғарлауы өте бағалы , ұлылық ойлармен қатар жүреді
Қаһарлану маниясы- қаһарланумен бірге ойдың жылдамдауы жүреді.
Аралас жағдайлар
МДП- бар науқастардың 20% -де кездеседі. Бұл жағдай бір фазадан екінші фазаға ауысып жатқанда пайда болады. Оның клиникасы мания және депрессиямен сипатталады. Мысалы: Депрессивті жағдай қозумен және интелектуалды тежелумен қатарласуы мүмкін. Ал мания қимылдың және интеллектуалды жағдайдың тежелуімен жүруі мүмкін.
Дистимия
Созылмалы көңіл-күй бұзылысы, бұл жағдайда адам кем дегенде екі жыл көлемінде көңіл-күйінің күнделікті төмен болуына шағымданады, алайда барлық симптомдар депрессия жағдайына қарағанда жеңіл түрде өтеді. Ауру тек депрессия түрінде өтіп, маниакальды күйге ешқашан ауыспайды.
Циклотимия
Маниакальды-депрессивті күйдің жеңіл түрін циклотимия деп атайды. Бұл жағдайда ауру ұстамасы айқын білінетін психоз дәрежесіне жетпейді, көрінісі жағынан МДП-дың бастапқы сатысына ұқсас келеді. Циклотимияға жиі симметриялы ағым тән болып келеді, яғни субдепрессия және гипоманиакальды кезеңдердің үздіксіз кезектесуімен жүреді.
Ажырату диагностикасы.
МДП-ға фазалық ағым, толығымен психикалық денсаулығының қалыптасуы, ешқандай тұлға қасиеттерінің өзгермеуі тән. Әрбір ұстама психопатологиялық және соматовегетативті бұзылыстармен тығыз байланысты. МДП-да жиі тұқым қуалаушылық бейімділігі тән. Сонымен қатар мерзімділік тән: ұстамалар күз және көктемде жиілейді.Жиі таңғы уақытта айқын болады, кешке қайта орнына келеді.
Болжамы
МДП-да болжам жақсы, себебі ауру фазалары толығымен денсаулылығының , қоғамдық статусы және еңбекке қабілеттілігің қалыптасуымен аяқталады.Ұзаққа созылған фазаларда және интермиссия арасы қысқарғанда болжам нашарлайды.