келмесе- шаруаңның біржола біткені ғой...».
Подколесин тұрағы жоқ,
жағдайдың әуеніне қарай ағатын адам.
Оның ойына ар-ұят , адамгершілік
дегендер кіріп те шықпайды. Некесі қиылайын деп тұрғанда осылайша әуре-
сарсаңға түсуі оның қандй адам екенін жақсы байқатады
. «...Шынымен-ақ,
тайып кетуге болмай ма екен? Әлюетте болмайды, есік алды, кез келген
жерде сапырылысып жүрген жұрт, қайда барасың дейді ғой біреу. Жоқ,
болмайды » . Осы жерде ол ашулы терезені көреді де осыдан қарғып кетсем
қайтеді дейді. Жоқ, болмайды, жерден алыс екен быт-шытым шығар,
екіншіден, терезеден қарғу лайық емес, үшіншіден, қалпақсыз қалай
қарғымақпын, лайық емес деп тұрып алады. Оның қалпағын досы Кочкарев
тығып қойған. Ол ақырында: терезе онша биік мес екен, қалпақсыз қарғуға да
болар деп көшеге қарай қарғып кетеді.
Белгілі көзқарасы мен сенімі
қалыптасқан адамда мотивтер күресі онша байқалмайды. Олар көбінесе жеке
бастың мотивінен гөрі қоғамдық мәні бар мотивтерді
(борыш сезімі, нәрсенің
қоғамға қажеттілігін түсіну) басшылыққа алып отырады.
Сөйтіп,
мақсат қою, тілек, қалау, мотивтер күресі, тоқтамға келу- бәрі
жиналып еріктік қимылдың «даярліқ кезеңі» деп аталады.
Еріктік амалдың ең негізгі кезеңі- қандай
болмасын тоқтамды орындау
стадиясы. Өзіңнің қандай болмасын тоқтамын іске асыратын, оны орындайтын
кісіні ғана еркі нағыз жетілген адам деп айтуға болады. Талай жақсы
тоқтамдардың жүзеге аспай, орындалмай қалатындары да кездесіп отырады.
Бұлай болудың себеі орындалуы қиын мақсатты алға қоюдан, мақсаттың айқын
болмауынан, әлі де болса өмірге дұрыс көзқарастың қалыптаспауынан, өз ісіне
сенімсіздіктен, мақсат еткен нәрсеңді жан-тәніңмен сүймеуден т.б. себептерден
болады. Сондықтан адам өзінің алдына шамасы келетін, күші жететін, орындай
алатын мақсаттарды қойып, осы жолда түрлі қиыншылықтарды жеңіп отыруы
тиіс. Белгілі мінез-құлықтық принципі бар, өз ісінің дұрыстығына көзі жеткен
адам ғана нақты тоқтамға келе алып, оны қалай да орындыудың тиімді
жолдарын таба алады,
бұл жолда орынсыз солқылдақтық, табансыздық
көрсетпейді. Кейбір адамдар өзінің алдына көмескі, бұлдыр мақсат қояды да,
ой таразысына жақсылап салмайды, сөйтіп ноы орындай алмай қалады. Ерекше
ой жұмысын керек етпейтін жеңіл мақсатты алға қою да адамның еркін енжар,
әлсіз етіп жібюеруі мүмкін. Сондықтан белгілі ерік күшін талап ететін,
тиісті
жұмыстар істеу нәтижесінде қол жететін мақсаттары ағна алға қоюымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: