болып табылады. Мұғалімдер тарапынан болатын қате нұсқаулар мен
түсіндірулер де осындай себептердің қатарына жатады.
Ал субъективтік себептерді адамның жеке басынан іздестіру қажет. Егер
адамның түрлі дағдыларды меңгеруге ықыласы болмаса, табансыздық көрсетсе,
ол тез арада машықтана алмайды. Мәселен, біреулердің велосипед тебуді тез
үйреніп, екінші біреулердің көпке дейін тебе алмайтындығы осы секілді жеке
қасиеттерінің ерекшелігіне де байланысты болады. Дағдыға машықтанар
алдында адам не нәрсеге қол жеткізуі керек, мұны қандай қажеті үшін
үйренетіндігін, мүддесіне сәйкес келетін-келмейтіндігін айқын түсініп отыруы
қажет. Субъективтік себептердің біразы осы секілді мақсаттың айқын
болмауынан да туып отырады. Мұндайда адам өзінің жасын, денсаулығы мен
дене бітісін, нерв жүйесінің ерекшеліктерін ескеріп отырмаса да болмайды.
Осы айтылғандар дағдыны меңгерудің қосымша шарттары ьолып есептеледі.
Дағдылану үсінде қандай болмасын бір ұтымды әдісті тауып алу, мұны
кейіннен нығайиып бекіту – осы айтылған екі жағдайда үйренушінің есінде
болатын негізгі факторлар. Мұндайда адам: «О, мен істің тетігін енді таптым,
айласына түсіндім », - дейді. Осыдан былай қарай адамда жаттығудың барысы
арта бастайды, іс шапшаң орындалып және сапалы бола түседі.
Кейін дағдының нығаю, автоматталына бастау кезінде оның орындалуы
көзге түсерліктей болмайды. Дағдыларға жаттығудың алғашқы кезеңінде адам
неге дағдыланса да табысты болады, сондықтан да осы моментті өрнектейтін
қисық сызық ылғи да жоғары көтеріліп тұрады. Кейбір дағдылардың әдістерін
меңгеру тез уақыт ішінде жүзеге аспайды. Осыған орай оның қисық сызығы да
бірден көтеріле қоймайды. Ал істің айласын, тетігін біліп алғаннан кейін бірден
көзге түсіп, көтерілетін болады.
Осындай көріністерді желеу етіп кейбір психологтар дағды белгілі шекке
дейін дамиды, одан аса алмайды дегенді айтады. «Физиологиялық шек»
теориясын жақтаушылар осындай пікірлері «адамның дағдыларын жазмыш
билейді» дейтін жалған түсісніктің бір нұсқасы. Шындығында адамға барлық
психикалық құбылыстарын, сондай-ақ дағды әдеттерін қалағанынша дамыта
алуына болады. Оның дамуы еш нәрсемен шектелмейді. Өйткені бұлордың
қалыптасуы үлкен еңбекке, сан алуан жаттығулар мен қайталауларға негізделіп
отырылады.
Дағдылардың өзара қатынасы түрліше жағдайда көрінеді. Кейде бұрынғы
дағдылар жаңа дағдылардың қалыптасуына көмектеседі, енді біреулері
керісінше, кейінгілерінің қалыптасуына кедергі келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: