сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Оқушыларды асыл мұраттар
рухында тәрбиелеу – бастауыш мектеп мұғалімдерінің де басты міндеттерінің
бірі.
Жеке адам психологиясынан елеулі орын алатын қасиеттерінің бірі –
талғам.бьұл адамның дүниетанымы мен сеніміне, өмірлік позисиясына, бағыт
пен мұратына, бағдарына, мақсатына байланысып жатады. Коммунистік
қоғамда тәрбиеленген кеңес адамының талғамы буржуазиялық қоғамдағы үстеп
тап адамының талғамынан сапалық айырмасы бар. Талғамға адамның білімі,
тәрбиесі, ортасы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді. Модаға (сән) байланысты да
адамдарда түрлі талғам орын алады. Мәселен, кейбір адамдардың ала-құла,
көзге қораш киінуін талғамы дұрыс талғамдұрыс, жүйелі жақсы тәрбиенің
нәтижесі.
Қызығу, сенім, талап, мұрат адамды әр кезде іс-әрекетке итермелеп
отыратын ең негізгі қозғаушы мотивтер болып табылады. Бұлар адамның
басында айқын да анық сәулеленіп отырады. Бұлар адамның басында айқын да
анық сәулеленіп отырады.Бірақ мотивтердің кез-келгені осындай пәрменді бола
бермейді. Мән мәнісі адамға онша айқын емес, көмескі күңгіртболып көрінетін
мотивтер де толып жатыр. Осы топтағы мотивтердің қатарына б а ғ д а р
(установка), ф р у с т р а ц и я, е л і г у, с т е р и о п т и п т е р д і жатқызуға
болады. Енді осылардың кейбіріне қысқаша тоқталып өтейік. Мәселен, грузин
психолыгы, академик Д. Н. Узнадзе (1886-1950) зерттеген бағдар теориясының
мәні мына төмендегі қарапайым тәжірибеден жақсы байқалады. Салмағында
айрмасы бар екі шарды қолымен 10-15 ұстап көрген адам бұлардың
айырмашылығын оп-оңай сезе алады. Кейін осы кісіге салмағы бірдей екі шар
берілгенде де ол бұларды бұрынғысынша екі түрлі деп қабылдайды.
Тәжірибенің негізгі мәнісі де осында. Салмағы бірдей екі шарды осылайша
теріс қабылдауы (иллюзия) – оның алдынғы қабылдауындағы субъективтік
жағдайына байланысты туған. Мұндайда адамдарждың зейіні қабылдайтын
заттың өзіне емес, сло зат туғызатын сезімге, көңіл-күйіне алып кетеді. Осы
тәжірибеде де өбір-біріне тең шарларды аңғармай, қате қабылдау осындай
жайттан туған.
Достарыңызбен бөлісу: