Тәрбие жүйесі
—
жеке адамды идеялық,
саяси,
адамгершілік,
экономикалық
т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс.
Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде
тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын
қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір
тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады.
Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады.
Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) — жас ұрпаққа аға ұрпақтың
әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы
оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін
қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады.
―Тәрбие ,кең мағынасымен алғанда , қандай да болса бір жан иесіне
тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал
енді ,адамзат туралы айтылғанда , адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-
өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізілнді
(М. Жұмабаев.)
―Тәрбие- бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын
жетілдірудің ең күшті сыры бар.
Н.К. Крупская ―Тәрбие атты мақаласында (1929 ж..) :Тар мағынада алып
қарағанда, Тәрбие деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-
құлқына әдетте ересек адамдардың алдын-ала ойластырылған және жүйелі
түрде жасайтын белгілі бір ықпалы, ал кең мағынасында ―...қоғамдық
мекемелер , айналамен қоршаған бүкіл жағдай , бүкіл қоғамдық құрылыс
тәрбиелейді -деп түсіндіреді.
Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский ―...мектеп, тәрбиеші және ұстаздар-
адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін
және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері.. табиғат, отбасы, қоғам халық....
және оның тілі болады ,-деген осы мәселеге қатысты
тұжырымдамасы тәрбие
жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлейдейді. Тәрбиенің мәнісі, біріншіден,
қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса,
екіншіден, жеке адам үшін –оны өмір сүре білуге ,өзін қоршаған орта мен
қарым- қатынас жасай білуге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |