Модуль1 1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)



бет1/17
Дата14.10.2023
өлшемі169,21 Kb.
#185403
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
ДӘРІС ҰЛТТЫҚ


Модуль1
1-дәріс: Ұлттық спорт түрлері мен бұқаралық спорт түрлерінің даму тарихы (мәселелі)
Дәріс мақсаты:
1.Ұлттық спорт түрі мен бұқаралық спорт тұралы жалпы анықтамасымен танысу.
2. Қазақ әйгілі палуандарымен танысу.
3. Қазақ үкіметінің ұлттық спорт түрлерін дамыту туралы құжаттарымен танысу.
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық. Қазақ күресі, көкпар, қыз қуу, бәйге, аударыспақ, тағы басқа спорт түрлері бағзы заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келеді. Күні бүгінге дейін олар өздерінің мән-мазмұнын жойған жоқ. Қайта үкіметтің қамқорлығының арқасында жаңарып, түрленіп келеді. Оған үкіметіміздің ұлттық спорт түрлерін дамыту жөніндегі алған құжаттары мен дене шынықтыру жүйесіндегі қазақтың спорт түрлерінің алатын орны әбден дәлел бола алады. Қазақ халқының ерте кезде қалыптасқан спорт ойындарының бірі – қазақша күрес. Басқа халықтардың ұлттық күрес түрлерімен салыстырғанда қазақша күрестің өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар. Бұрын қазақша күрес «Күш атасын танымайды» деген қағидамен салмағына, дәрежесіне, жасына қарамай өткізіле берген. Тіпті, ағасы мен інісі күресіп қалатын кездер де болған. Күреске түскендер үлкен-кішілігіне қарамай, қайсысы күшті болса, сол жеңіске жеткен. Ел ішінде атақтары жайылған Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар т.б. осындай алып палуандар еді. Өздерінің спорт жолдарын қазақша күрестен бастаған, Республикамыздың мақтанышы, СССР-дің, СССР халықтары спартакиадасының, әлем және олимпиада чемпионы Ж. Үшкемпіров, сондай-ақ қазақша күрестен Қазақ СССР-нің чемпионы, самбодан жастар арасындағы әлем чемпионы, ересектер арасындағы Европа чемпионы А. Мұсабековтердің еңбегі куә. Ал А. Ғабсаттаров, К. Байдосов, А. Қазымбетов, Ә. Айханов, С. Өтенов сияқты спортшылар да қазақша күресті дамытуға ат салысқан абзал жандар.
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің дамуына 1978-1979 жылдардағы І спартакиадағы дайындық кезеңі үлкен серпіліс тудырды. Оған әрбір облыс, тіпті әрбір аудан ат салысып, спартакиаданың табысты өтуіне өз үлестерін қосты. Әрбір ауданда жарысты өткізу ережелері жасалып, бекітілді. Бұлардың бәрі өз жемістерін берді де. Соған орай Республика ауқымында жыл сайын жарыс өткізіп тұру кәдімгідей дәстүрге айналды. Әрбір колхоз-совхозда, мектептер мен училищелерде үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылып, олардың қорытындылары шопан тойларында, егін орағының соңында шығаралып отырды.
Үкіметтің ұлттық спорт түрлерін дамытуға деген қамқорлығы ұшан-теңіз.
Ал 1965 жылы Қазақ ССР Министрлер Советінің жанындағы физкультура және спорт жөніндегі комитеті қазақша күрес үшін разряд нормаларын мен талаптарын жасап, бекіткен.
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде әзірге Одақ көлеміне белгілісі – қазақ күресі. Көптеген тәсілдер, әдістер жасап орындалатын күрес.1928 жылға дейін күрестің бірынғай ережесі болған жоқ. Жарысқа түсетін палуандардың салмағы ескерімеді. Сондықтан көбінесе қарсылысынан күші ған емес, салмағы да артық палуандар жеңіске жетіп келді. Қазақ күресінен және тоғызқұмалақтан разряд беру талаптары көп жылдар бойы белгіленбеген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет