Ұлттық ойындардың балаға әсері
Баланың ой өрісін,танымын дамыту барысында ұлттық ойындардың маңызының зор екендігін ұмытпауымыз қажет. Себебі, ұлттық ойындар баланы өз елін сүюге,құрметтеуге, өз және өзге ұлтты сыйлауға,патриоттық сезімді нығайтуға,салт-дәстүрлерін сақтай білуге,ұлттық идеологияны құрметтеп,өз ұлттық діліне,тіліне беріктігі мен ұлттық салт-дәстүрді сақтауға және физикалық,биологиялық тұрғыда мықты болуға үлкен септігін тигізеді. Баланың ой-өрісін дамытытан ұлттық ойын түрлеріне «Ақсүйек», «Ханталапай», «Арқан тартыс»,«Тоғыз құмалақ», «Асық ойыны», «Алтыбақан», т.б. Ұлттық ойынның басқа ойындардан ерекшелігі таза ауада, яғни далада ойналатындығы.
Ұлттық ойындардың бірі – ата-бабалардан бізге жеткен «Ханталапай» ойыны. Бұл негізгі шарты бойынша бақылаушы асықты топыраққа лақтырып 2 топқа бөлінген балалар шашылған асықты тез жинап алуы керек,қай топ көп жинаса, сол ұтқаны. «Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жастар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған.
«Асық ойыны» – қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқай аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2-4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді. Асықты мұртынан не жамбасынан тұрғызуды омпы дейді. Омпы ойыны тегіс алаңда, жазық жерде, тіпті үлкен бөлме ішінде де ойнала береді. Ойыншы саны неғұрлым көп болса, ойын соғұрлым қызықты өтеді. Мақсат – көп асық ұтып алу. Асық ойынының орнын керек десеңіз компьютер ойыны да алмастыра алмайды. Оны төмендегі біздің зерттеп,құрастырған кестеден көруге болады (1 сурет).
Кеңес өкіметі кезеңінде ұлттық ойындар, соның ішінде асық ойыны еріккеннің ермегі, ойын балаларға тәрбие бермейді деп есептелді.
«Асық ойнаған, азар, доп ойнаған тозар» – деп мақалдап та жүрдік. Осы кестеден асық ойынының еріккеннің ермегі еместігін көруге болады. Қазақ халқы негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған.
Қазақ халқы – ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді [5]. Сонымен бірге, бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |