Ұлттық ойын түрлері Асық ату



Дата07.02.2022
өлшемі293,96 Kb.
#96102
Байланысты:
ұлттық спорт


Ұлттық ойын түрлері
Асық ату
Асық ату — ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарының бірі.
Ұлттық ойындар көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді




Көкпар
Көкпар – тек қазақтың ғана емес барша түркі халықтарына тән ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Дәстүрлі көкпар ойынының өмірге келуі — көшпелі халықтардың айналасын қоршаған жаудан өзін-өзі қорғап қалу қажеттігінен туындаған. Яғни, халық бейбіт күндерде азаматтарын әскери машыққа баулып отырған. Мысалы, көкпар ойынына машықтанған жігіт соғыс кезінде дұшпан шебінде жараланып қалып қойған жауынгерді атпен шауып барып, көз ілеспес жылдамдықпен жерден көтеріп алдына өңгеріп алып, құтқарып қалуға дайын болады. Сондай-ақ, көкпаршы жаумен жекпе-жекке шыға қалса, жауды аттан жұлып түсіруге, жерге түсіп қалған қаруды (найза, қылыш) шауып келіп іліп алуға бейім келеді. Қазақтың ат үстіндегі ойындарының шығу тарихы жауынгерді батырлыққа, ептілікке, шапшаңдыққа үйретуді мақсат тұтқан. 

Аударыспақ
Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін қазақтың ұлттық спортының бір түрі. Бұл ойында екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады.
Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын.
Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтық категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Жарыс ережеге сәйкес 60, 70, 80, 90, +90 кг салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі. Аударыспақшыда қызыл және көк түсті белбеулері болуы қажет. Аударыспақ шеңберінің аумағы 15 метр. Белдесу уақыты 5 минут. Аударыспақшының ер тоқымында, жүгенінде, өмілдірік құйысқанында спортшыға зақым келтіретін үшкір зат
Теңге ілу

Теңге ілу – Түркі халықтарына ортақ, ұлттық ат спортына жататын ертеден келе жатқан ойындарының бірі. Теңге ілуші жігіт құйғыта шауып келе жатқан аттың үстінен еңкейіп, баяуламастан жерде жатқан, шүберекке түйілген теңгелерді тез іліп алып, лақтырып отыруы шарт. Теңгені көп ілген ойыншы жеңімпаз атанады.
Теңге ілу ұлттық ойынының көп ғасырлық тарихы бар. Бұрынғы кезден бастап тенге ілу қазақ жауынгерлерінің күшін, шеберлігі мен батылдығын тәрбиелейтін жаттығудың маңызды элементі ретінде қарастырылатын. Біздің заманымызда теңге ілу ұлттық ойыны шеберлік пен жылдамдыққа, ең бастысы жылқыға, өз тарихына деген сүйіспеншілікті дамытатын ең әдемі және ең көрнекті ұлттық спорт түрлерінің бірі.
Ұзақ жылдар бойы той-мерекелерде шағын көрсетілім ретінде ғана ойналып келген Теңге ілу еліміздің ұлтжанды азаматтарының күш салуымен Тәуелсіздік жылдары ұлттық спорт ойыны дәрежесіне көтеріле бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет