1.3 Пәнді зерделеу нәтижелері
Оқу нәтижелері тиісті білім беру деңгейінің Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттіліктер арқылы белгіленеді.
Білу және түсіну:
-«Математикалық талдау» пәні бойынша формулаларды және қасиеттерді, символикаларды, шексіз аз шамаларды салыстыру теориясын білу;
-бір және көп айнымалыларға байланысты функцияларды дифференциалдық және интегралдық есептеулері есептерін шешудің негізгі әдістерін білу.
Білім мен ұғымды қолдану:
-«Математикалық талдау» пәнін оқығаннан алған білімдерін қолданбалы есептерді шешуде және әртүрлі есептердің математикалық үлгілерін құруда және берілгендердін салыстырмалы талдауын алуда қолдану;
-жүргізілген ғылыми зерттеулерге математикалық талдау жасай білу.
Пайымдауды қалыптастыру:
-Математикалық есептерге арнап математикалық әдістерді таңдап, және оны негіздей алу;
-жаратылыстанудың әртүрлі салаларынан қолданбалы есептердің шешу әдістері мен математикалық үлгілері туралы көзқарасын талдай білу;
Достарыңызбен бөлісу: |