«Жасақ» заңдар жинағының баптары:
1. Егер әмірлердің бірі кінәлі болып, қаған жаза қолдану үшін оған шені ең төменгі қызметкерді жіберген күннің өзінде ол қарсыласпай, хан бұйырған жазаны құлдық ұра қабыл алуы тиіс.
2. Әрбір адам діндердің кез-келгенін құрметтей білуге тиісті.
3. Мемлекет ішіндегі жай-жағдаяттардан дер кезінде хабардар болып отыру үшін нояндар мен сұлтандар байланыс жүйесін жолға қоюға міндетті.
4. Кісі өлтірген қылмысы үшін мұсылманға қырық алтын теңге (балаш), қытайлыққа бір есек түрінен құн төлеп құтылуға рұқсат етіледі.
5. Кімнен ұрланған жылқы табылар болса, ол атты иесіне тоғыз жылқы қосып қайтаруға міндетті.
6. Кәнизактан туған балалар заңды болып есептелінеді һәм әкесінің бұйрығы болған жағдайда дүние-мүліктен енші алуға құқылы. Дүние, мүлікті бөлу былайша жүзеге асырылады: жасы үлкеннің үлесі де үлкен, кішісі әке шаруашылығын иемденіп қалады. Балалардың үлкенді-кішілі жолдары олардың шешелерінің жол-жоралғысына қарай анықталады. Әйелдердің жол реті некеге тұру уақытына орай белгіленеді.
7. Әкесі өлген жағдайда оның мұрасына баласынан басқа адамның қақысы жоқ.
8. Ешкімнің де нояндар мен сұлтандар және басқа да шонжарлардың Жалпы кеңесте алдын-ала сайлауынсыз қаған жариялануға құқы жоқ. Мұндайда өлім жазасына бұйырылады.
9. Хан тұқымынан бөтен былайғы жұрттың құрметті лауазымға ие болуға қақысы жоқ.
Қосымша 3
Тұжырым
|
Жалған/Ақиқат
|
Моңғол атты әскерінің жылдамдығы - 2 аптада 700 шаршы шақырым жерді өтті
|
|
Моңғолдр өздерімен бірге ауыр азық-түлікті алып отырды
|
|
Моңғолдар қарсыластарды шатастыру үшін жылқының үстіне қуыршақтарды отырғызған
|
|
Моңғолдардың өзеннен өту процесін саяхатшы Рузбихан толығымен суреттеп берген
|
|
Моңғолдардың кавалериясы 2 бөліктен тұрды: жеңіл және ауыр атты әскер
|
|
Қарсыластарға қарсы бірінші ауыр атты әскер шығады
|
|
Ауыр атты әскердің негізгі қаруы найза болды
|
|
Моңғолдар қабырға жаратын қаруды парфяндардан үйренді
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |