МөЖ-1 Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті» Орындаған: I топ



бет13/22
Дата06.01.2022
өлшемі320,73 Kb.
#110102
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22
Байланысты:
МӨЖ

II бөлімінде К.Жәленұлы қазақ халқының балалары үшін математикалық білім берудің өзекті мәселелеріне тоқталады, оларды жан жақты талдай отырып, дұрыс шешудің жолдарын көрсетуге тырысады. Оның дәлелі, автор өз сөзінде:«Мұғалім математика ғылымының қағидалары мен заңдылықтарын құр сөзбен түсіндіруге тырыспауы керек , ол бұрынғы ескі жол, балалардың түсінігіне, сезіміне жуыспайтын жол» - деп көрсетеді.

Сонымен қатар, К.Жәленұлы көбейту кестесін оқыту әдісі жайындағы өзінің ойларын былайша жеткізе білген: «Балалардың қолына жаттықты (көбейту кестесін - Б.Қ.) берудің қажеті тіпті жоқ. Балалар өздеріне таныс бұйымдар арқылы 2 - ге бөлінетін сандарды табуы керек… 2 - ні 4 - ке көбейткенде нешеу болады? деген сияқты мәселелер пайда келтірмейді, бұл баяғы жаттау жолына түскен болады. Балалар өздері 2 - нің, 3 - тің һәм басқаларының бөлушілерін таба білгеннен кейін жаттық жазып алу балаларға қиын болмайды».

Зерттеу жұмысының аталмыш бөлімшесінде, К.Жәленұлының «Есеп тану жобасы» оқу бағдарламасымен таныса отырып, оның ерекшеліктері мен әдістемелік - математикалық идеяларын анықтадық. Сонымен қатар, К.Жәленұлының «Есеп тану жобасын» Қазақстанда математикалық білім мазмұнының қалыптасуындағы алғашқы қадам – деп бағалауға болады.

Қорытынды
Алғашқы математика оқулықтарының басты ерекшеліктерінің бірі - бастауыш мектепте оқытылатын ғылымдардың (пәндердің) мазмұнын сақтау, яғни пәнаралық байланысты нығайту болып табылады. Осындай оқулықтардың бірі Кәрім Жәленұлының «Есеп тану жобасы» қазақ мектептерінде математиканы оқыту жөніндегі ғылыми негізде жазылған әдістемелік - математикалық ой - пікірдің қалыптасуында ерекше орын алады. Оның дәлелі ретінде зерттеу жұмысын жүргізу барысында, төмендегідей тұжырым жасадық:


  1. «Есеп тану жобасы» қазақ тіліндегі алғашқы математика оқулықтарының ішіндегі ұлттық тәрбиемізді негізге алатын, жаңаша тұрғыдағы оқу бағдарламасы.

  2. Мектепте басшылыққа алынатын оқу құралдарының ең алғашқысы - «Есеп тану жобасы».

  3. Аталмыш оқу бағдарламасы, қазақ мектептеріндегі болашақ жас мұғалімдерге қандай пән болмасын әдістемелік тұрғыда нұсқау көрсететін бірден – бір оқу құралы болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер




  1. Қосанов Б.М. «Оралдық Алаш қайраткері К.Жәленұлының ағартушылық қызметі» // Мақала, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан.

  2. Қосанов Б.М. «Ана тіліндегі алғашқы математика оқулықтары» // Монография, «Мерей» баспасы Алматы, 2015.

  3. Қосанов Б.М. Жәленов Кәрім// «Қазақстан». Ұлттық энциклопедия. 3-том. –А., 2001.

  4. Қосанов Б.М. Қазақстандағы әдістемелік - математикалық ой – пікірдің қалыптасу тарихы. – А., 1999.

  5. Ғаламтар көздерінен:

http://www.rusnauka.com/6_PNI_2016/Pedagogica/4_207946.doc.htm

  1. Ғаламтор көздерінен:

https://emirb.org/bastauish-mektepte-matematikani-oitu-tehnologiyasini-tarihi-pe.html?page=4

  1. Ғаламтор көздерінен:

https://emirb.org/bastauish-mektepte-matematikani-oitu-tehnologiyasini-tarihi-pe.html?page=4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

3-МӨЖ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет