МөЖ-1 Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті» Орындаған: I топ



бет1/22
Дата06.01.2022
өлшемі320,73 Kb.
#110102
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
МӨЖ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ

МӨЖ-1

Тақырыбы: «Қазақ халқының ежелгі замандардағы әдістемелік-математикалық мәдениеті»


Орындаған: I топ (ММОК-202)

Топ мүшелері:Жалалов Нұржан

Жамбыл Нұрлан

Зарбат Ұлданай

Збайрадинова Айғаным

Зейнолла Адина

2020-2021 оқу жылы

Мазмұны


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

1. Қазақ халқының XIX ғасырға дейінгі математиканы оқытудың әдістемелік жүйесі

2. Әбунәсір әл-Фарабидың еңбектері мен ұлы ойшылдың шығармалары

3. Ерте кездегі ғалымдардың ғылымның дамуына үлес қосуы


  1. Қорытынды бөлім

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе


Зерттеудің өзектілігі: Қазақ халқының ежелгі замандағы математиканы оқыту әдістерін зерттеу

Зерттеудің мақсаты: Бірнеше қазақ перзенттерінің ежелгі IX-шы ғасырда дүниежүзінің ғылымына қосқан үлестерін көрсету

Зерттеудің міндеттері:

1. Қазақ халқының тұнғыш ғалымдары және олардың еңбектері

2. Математикалық әдістердің ерте кездегі қолданылуын атап өту

Зерттеудің әдістері: «Талдау», «Синтез», «Нақтылау», «Жинақтау»

Математикалық білім беру ісі адамзат мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде өте ерте заманнан қолға алына бастаған, әр дәуірдің зерек ойлы, зерделі адамдары жас ұрпақтың математикалық білім - түсініктерін жетілдіріп, дамыту мәселесіне ерекше мән беріп отырған. Жалпы алғанда, математикалық білім беру мәселесі адам баласының жас ұрпақты есеп - қисап жұмыстарын орындауға, өлшеулер жүргізуге және әртүрлі қарапайым геометриялық пішіндердің аудандары мен көлемдерін таба білуге үйретуімен байланысты оқу - тәрбие мұқтаждықтарын шешуге ұмтылуынан туындады деуге болады. Заман өткен сайын математикалық білімдер адамзат қоғамының дамуы мен әлеуметтік сұранысына сәйкес үздіксіз толықтырылып отырды.

Ал математиканы оқыту әдістемесіне келсек, ол оқу пәні және ғылым саласы ретінде кейінірек пайда болды . Анығырақ айтқанда, XIX ғасырға дейін математика әдістемесінен арнайы оқу құралдары болған соң, өйткені бұған дейін толық мағынасындағы мектеп жүйесі қалыптаса қоймаған болатын және осыған байланысты математикалық білім берудің әдістемелік мәселелерін нақты бір жүйеге түсіру колға алынбаған еді. Сонымен қатар, оған дейін математикалық білім алу әрбір азаматтың өзінің жеке басының ісі болып саналды және математиканы оқытудың натижелі болуы ең алдымен, тікелей оқушының ынтасы мен қызығушылығына байланысты деп есептеледі, математиканы оқыту барысында қандай да бір «аса терең түсіндірмелер» мен «ерекше нұсқаулардың» қажеттігі жоқ , өйткені олар оқушының өз бетімен ойлау қабілетін дамытпайды, ой -өрісі күшті және ынталы оқушы математикалық білімдерді өзі оқып, түсініп алуы керек, ал егерде түсінбесе, мұны оқушы өзінің ой - өрісінің нашарлығынан көруі тиіс делінді. Міне осы сияқты себептерге байланысты математика бертінге дейін өте қиын және кейбір қабілетті балалар үшін ғана қолжетімді пән болып есептеліп келді. Алайда, мұндай жағдайлардың орын алуынан XIX гасырға дейін математиканы оқытудың ешқандай әдістемелік жүйесі болған жоқ деп түсінбеу керек. Әр халықта заман талаптарына сәйкес, математиканы оқытудың өзіндік әдіс тәсілдер жүйесі мен тәжірибелері қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет