III
|
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................11
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................12
|
Кіріспе
Зерттеу жұмысының сипаттамасы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім бір тараудан, екі бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі жаhандану заманында педагогикалық идеялар мен жаңа технологиялар қарыштап дамып жатыр. Педагогикалық мәселелер әу бастан – ақ елеусіз қалмаған. Оған мысал ретінде Я.А. Коменский, К.Д.Ушинский қазақ ағартушыларынан Ж.Аймауытов, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсыновтың еңбектерінде педагогикалық мәселелерге аса көп назар аударған.
Я.А.Коменский мектептер үшiн оқулықтар, бағдарламалар, оқу құралдарын дайындау алдағы тұрған басты мiндет деп санап, оқулықтар жатық тiлде нақты және дәл, әр ғылым мен өнер жайлы оқу материалдарын балалардың өздерi мұғалiмнiң көмегiнсiз түсiнуге лайықты болуын қолдады. Ал, алаш қайраткерлері К.Жәленұлы, Е.Омаров, С.Қожанов, М.Дулатовтар өз еңбектерінде математикалық зерттеулер жүргізген. Кеңестік дәуірдегі қазақ ағартушыларының, оның ішінде алаш зиялысы К.Жәленұлының математикалық зерттеулерін жаңаша зерттеуге алу, оны математикалық ой - өрісті дамытуда қолдану, жаңа әдіс – тәсілдермен ұштастыра отырып, методологиялық зерттеу өзекті мәселелердің бірі.Бұл біздің К.Жәленұлы және оның «Есеп тану жобасының» ерекшеліктері мен әдістемелік - математикалық идеяларын анықтауда зерттеу жүргізуімізге негіз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |