№
|
Есептер
|
Қай пәнмен пәнаралық байланысты жүзеге асыру мақсаты көзделген?
|
1
|
«Баланың үйренген хәріптерінің төрттен бірі -2. Бала неше хәріп үйренген?»
|
Әліппе
|
2
|
«Бір жұмада 3 күн ұдайы жаңбыр жауды. Сол жұманың неше күні ашық болды?»
|
География пәні
|
3
|
«Жүнді құрттан егіндікті аман алып қалу үшін үлкендер екі жағынан ор қазды. Біз сол орларды өлшеп, оның бір жағының ұзындығы 34 метр 50 сантиметр екенін, екінші жағы одан 15 метр 50 сантиметр артық екенін білдік. Үлкендер ұзындығы қандай ор қазған?»
|
Биология пәні
|
4
|
«Өрмекшінің 8 аяғы бар, шыбынның екі аяғы кем. Шыбынның аяғы нешеу?»
|
Биология пәні
|
5
|
«Сурет салатын дәптер 9 тиын тұрады. Қасен 3 дәптер сатып алды. Барлығы ол қанша ақша төледі?»
|
Бейнелеу сабағы
|
6
|
«Мектеп бөлімінің еден тақтайы мен әйнегінің ұзындығын өлшеп, бірі мен бірін салыстырып, артық, кемін табыңдар».
|
Геометрия
|
7
|
«Үлкен қаладағы жұмыскерлердің еңбекақысы 200 сом. 3 айда жұмыскер неше сом еңбекақы алады?»
|
Экономика
|
8
|
«Ойын екі түрлі еді: Футбол бәсекесі мен жарыс. Футболды 24 – тен бөлініп, 3 лек бала ойнады. Жаяу жарысушылар 36 бала болды. Барлық ойыншылардың саны қанша?»
|
Дене шынықтыру
|
9
|
«Абылайхан 1781 жылы 70 жасында өлген. Абылай қай жылы туған? Абылай өлгелі неше жыл болды?»
|
Тарих пәні
|
10
|
«Бір пабрикенің мойынының (труба) биіктігі 70м, табанының өресі 20м. Соның көлемі қанша?»
|
Геометрия
|
11
|
«Бір шай қасық дәрі 3 грамм тартады. Бір грамға неше тамшы кетеді?»
|
Химия
|
12
|
«Біз екі жылда 60 күн ораза ұстадық. Үш жылда неше күн ораза ұстаймыз?»
|
Дінтану
|