Мөж тақырыбы: Күн белсенділігінің ритмдері Орындаған: Мусинова Айнур Тексерген: Асқарова Зифа 2020 жыл Алматы Жоспар



Дата12.12.2021
өлшемі70,16 Kb.
#99608
Байланысты:
Кун белсенділігі


Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті



МӨЖ

Тақырыбы: Күн белсенділігінің ритмдері

Орындаған: Мусинова Айнур

Тексерген: Асқарова Зифа

2020 жыл Алматы

Жоспар


Кіріспе


  1. XXI ғасырдағы биология ғылымы дамуының жастарға білім берудегі

ролі

Негізгі бөлім

  1. Мектепте биологиядан білім берудін әдіснамалық мәселелері

  2. Биологияны окыту барысында белсенді әдістемелердің түрлерііі қолдану жолдары

  3. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР




Қорытынды

Биология сабағын өткізуге койылатын қазіргі талаптар

Пайдаланылған әдебиеттер


Өткен XX ғасырды биология ғасыры болғандығын жалғыз биологтар ғана емес, дүние жүзінің көптеген мамандары мойындаған болатын.

Шындығында да, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап биология саласындағы ашылған ғылыми жаналықтардың нәтижесінде коршаған орта мен әлеуметтік ортаның, оның ішінде адамзат баласының мәдени, рухани дамуының болашағы жайлы көзкарастар түбірінен өзгерді.

Биология саласында әлі де ғылымда ашылмаған, зерттеуді күтіп тұрған мәселелер көп. Әсіресе гендік картаны жасау, организмдердің жеке даму үдерісіндегі гендердің өзара әсерлернің механизмдері мен тірі ағзалардың зат алмасу механизмдері проблемаларын зерттеудің нәтижесінде адам ағзасындағы көптеген тұқым қуалайтын ауруларды емдеу мен болашақ нәрестенің қалыпты деңгейде дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік туады. Жер бетіндегі ең қалыпты «ісік» ауруын емдеу жолы табылса, көптеген адамдарды өлімнен ажыратып алуға жағдай жасалады.

Бүгінгі таңдағы ғалымдардың алдында тұрған тағы да бір басты мәселе - адам ағзасының иммундық жүйесінің жүмысын басқара білу. Осы арқылы бір адамның мүшесін екінші адамға орналастырғанда (жамағанда) ұлпалардың бір-бірін кабылдамауынан құтқаратын болсак, екінші адам ағзасының сыртқы ор- таның әртүрлі кері әсеріне төзімділігі артады.

Тірі ағзалардың эволюциялық даму үдерісі де белсенді түрде зерттеліп келеді. Генетика мен эволюциялык теория синтезделуінің нәтижесінде эволюцияның синтетикалық тсориясы калыптасты. Бірақ бұл салада әлі де өзінің шешуін таппаған мәселелер толып жатыр. Соңғы 30-жылдарда пайда болған тірі ағзаларды жүйелеудегі жана ғылыми бағыт геносинтематика тірі организмдердің гуыстық белгілерін, олардың гендік ақпараттарын зерттеу арқылы топтастыру, өткен ғасырдың аяқ кезіндегі ғылыми жетістіктердің ішіндегі ең маңыздысы деп есептеуге болады. Осы ба ғытта эволюциялық теория жайлы жаңа козкарастар пайда бола бастады.

Дамып келе жаткан ғылым салаларының тағы бірі - микробиология және вирусология. Соңғы кездері жұқпалы ауру туғызатын вирустың жаңа бір типі анықталды. Осы жұқпалы вирустың салдарынан ауру баяулап барып, асқынып өлімге ұшыратады. Осындай ауру тудырушы вирус - XX ғасырдың «обасы» деп аталып кеткен СПИД ауруы. Осы кауіпті аурудың тез арада емін ашып, адамзатты құтқаратын сенім мол. Тағы да бір жұқпалы ауруды таратушы жаңа «организм» - прион анықталды. Бұл ағзаның, тіпті, нуклеин қышкылы да жоқ, оны тірі ағза тобына косуға да болмайды. Осы уакытқа дсйін вирустың да, приондардың да шығу тегі анықталынбаған.Бұл да XXI ғасырда ашылатын жаңалыктарға жатады.

XX ғасырда астробиология деген ғылым саласы дүниеге келді. Алғашқы кезде ол теориялық ғылым түрінде пайда болғанымен, кейіннен ғарыш кеңістігін игеруге байланысты эксперименталды зерттеулердің нәтижесінде адамның экстермалды жағдайларға бейімделу ерекшеліктерін зерттеп,оны ғылыми жолмен дәлелдеуге мүмкіндік жасады. Осы бағытта да әлі қызықты жаңалықтар күтіп түр.

Соңғы кездері биология ғылымы гуманитарлық ғылыммен де, оның ішінде психология, педагогика, социология және экономика ғылымдарымен бірігіп,әр түрлі ғылыми зерттеу жұмыстарды жүргізіп жатыр.

XX ғасырда қолданбалы ғылым саласы биотехнология пайда болды.Биология ғылымының бұл саласы XXI ғасырда әрі карай белсенді қарқынмен дамуына күмән келтіруге болмайды. Адамға пайдалы белгілерімен керекті жаңа организмдерді шығару, оның ішінде трансгендік жануарлар мен өсімдіктер,олардың тиімді белгілерін алдын ала жоспарлап жаңа белоктарды алу, ол жайындағы ақпараттарды басқа тірі ағзаның геномына енгізу, т.б. осы биотехнология ғылымының жетістіктері болып есептеледі.

Биологиялық үдерістердің моделін жасау жұмыстары да белсенді түрде дамып келеді.Оның ішінде компьютерлік моделін жасау аркылы биосферада болатын әртүрлі ақпараттарды кадағалауға болатындығы дәлелденді.

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Қазақстанның физикалық географиясын зерттеу жайында // Қазақстан мектебі 1967. №4.

  2. Жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие міндеттері // Қазақстан мектебі 1990. №6.

  3. Қазақстан табиғатты зерттеу және физикалық гоеграфия идеяларының дамуы. Ежелгі дәуірлерден бастап ХХ – ғасыр басына дейін. А.Рауин.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет