5)Асырап алушы ата-аналар, олардың құқықтары мен міндеттері
Жасы 25-тен асқан кез-келген тұлға асырап алушы ата-ана бола алады. Бұл тізімге келесілер кірмейді:
1) сот қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған тұлғалар;
2) сот тәртібімен ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығы шектелген тұлғалар;
3) заң бойынша жүктелген міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қорғаншы (қамқоршы) міндеттерінен шеттетілген тұлғалар;
4) бұрынғы асырап алушылар, егер олардың кінәсінен сот асырап алу құқғының күшін жойған болса.
5) денсаулық жағдайына байланысты баланы тәрбиелеу бойынша құқықтар мен міндеттерді атқара алмайтын тұлғалар;
6) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге берілген баланың жақын туыстары (бауырлары, әпкесі, атасы, әжесі).
Бірінші кезекте балалар толық отбасыларға тәрбиелеуге беріледі. Асырап алушы ата-аналарды іріктеген кезде педагогикалық, медициналық немесе психологиялық білімі бар, ата-ана, асырап алушы ата-ана, қорғаншы (қамқоршы) ретінде бала тәрбиелеуде оң тәжірибесі бар тұлғалар басым құқықтарға ие болады.
Қорғаншылар мен қамқоршылар тәрбиелуге алған жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты қандай құқықтар мен міндеттерге ие болса, асырап алушы ата-аналар да сондай құқықтар мен міндеттерге ие. Оларға ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық және отбасы туралы» кодексінің 122-бабының 1-тармағында қарастырылған талаптар қойылады.
Асырап алушы ата-аналар балаларды тәрбиелеуге, олардың денсаулығына күтім жасауға, адамгершілік мінез-құлқы мен физикалық дамуына үлес қосуға, олардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасауға, оларды өз бетінше өмір сүруге үйретуге міндетті. Асырап алушы ата-аналар тәрбиеленушілер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауап береді.
Асырап алушы ата-аналардың құқықтары балалардың мүдделеріне қайшы жүзеге асырылмайды.
Асырап алушы ата-ана ретіндегі жұмыс уақыты ҚР заңнамасына сәйкес жалпы еңбек өтіліне есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |